Астанада «Қытай тынысы-Қазақстан» арнайы басылым шығарылымының салтанатты шарасы өтті. Журнал — Қытай халықаралық радиосы мен «Іскерлік Қазақстан» газетінің бірлескен жобасы.
Парламент Сенатының төрағасы Қ.Тоқаевтың «Қытай тынысы-Қазақстан» бірлескен жобасы – екі ел қарым-қатынасының өткені, бүгіні және болашағын бағамдайтын және талдау жасайтын бірегей алаң. Бүгін жарық көрген басылым шынайы ақпарат пен біздің қарым-қатынасымыздың барлық өзекті аспектілеріне сапалы талдау жасауы керек. Журнал беттерінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) қызметі, трансконтиненталды көліктік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, гуманитарлық саладағы байланысты арттыру жайына баса мән берілген. Жарыққа шыққан басылым елдер арасындағы ынтымақтастықтың және түсіністіктің дамуына үлес қосатынына сенемін», — деген құттықтауын кеңесшісі Бибігүл Жексенбай оқып берді.
«Біз әлемнің «Қытай тынысын» ғана емес «Қазақстан тынысын» да сезінуіне мүмкіндік бергіміз келеді», — деді Қытай Халықаралық радиосы директорының орынбасары Ху Баншен.
Жоба туралы «Деловой Казахстан» газетінің бас редакторы Серік Қоржымбаев «Бұл — біздің Қытай халықаралық радиосымен бірлесіп шығарған жобамыз. Журнал Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті мен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапарына байланысты шығарылып отыр. Жоба екі ел арасындағы достастық қарым-қатынасты одан әрі арттыруға үлес қосады деп сенемін. Сондықтан «Деловой Казахстан» газетінің журналистері журналға үлкен мән беріп, қызықты материал жазуға үлес қостық. Алдағы уақытта елімізде журнал ретінде тіркететін боламыз», — дейді.
Арнаулы басылымда Парламенті Сенатының төрағасы Қ.Тоқаевтың, танымал әнші Димаш Құдайбергеннің сұхбаты мен екі ел арасындағы қарым-қатынас жөніндегі мақалалар жарық көрген.
2004 жылдан бері орыс тілінде Ресейде шығатын «Қытай тынысы» журналының жалпы 360 мың таралымы бар.
Айбарша Жақсылық, Астана қаласы