jasqazaq.kz

ЖОЛДАУ – 2023: ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ЖАЗАНЫ КҮШЕЙТУ

27 тамыз 2024, 14:46

Қандай Міндет Жүктеді?

«Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін».

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.

Қалай Орындалды?

  • Зорлық-зомбылықтың кез келген нысаны үшін жазаны қатаңдатуға бағытталған заңнамалық түзетулер қабылданды;
  • Кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар бойынша татуласу мүмкіндігі алынып тасталды, бұл құқық бұзушыны жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
  • Қылмыстық кодекстің ауыр және денсаулыққа орташа зиян қасақана келтірілгені, азапталғаны бойынша бас бостандығын шектеу сияқты жаза түрі алынып тасталды, бас бостандығынан айыру көзделген;
  • Кәмелетке толмағанды зорлау фактісі үшін, тек өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады, бұрын баламалы жаза түрі – 20 жыл бас бостандығынан айыру болған;
  • «Адам ұрлау» және «Заңсыз бас бостандығынан айыру» сияқты қылмыстар бойынша неғұрлым қатаң жазаға әкеп соғатын «кәмелетке толмағанға қатысты» біліктілік белгісі қосылды;
  • 50 тәулікке дейін қамауға алу қаупімен «кәмелетке толмағандарға жыныстық қатынас жасағаны» үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді;
  • «Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру» және «ұрып — соғу» баптарына қатысты қылмыстық жауапкершілік белгіленді;
  • Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін ата-аналардың жауапкершілігі енгізілді;
  • Кәмелетке толмаған баланы қорлау (буллинг, кибербуллинг) үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді;
  • 16 жасқа толмаған, ата-анасы және (немесе) өзінің заңды өкілі ертіп жүрмеген адамды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіріп кеткен үшін жауапкершілік енгізілді.

JQ-ТАЛДАУ

 

 

Бүгін, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?