jasqazaq.kz

ЖОЛДАУ – 2023: КӨЛІК-ЛОГИСТИКА САЛАСЫ

27 тамыз 2024, 14:36

Қандай Міндет Жүктеді?

Көлік-логистика саласы экономикамызды алға бастайтын басты күштің біріне айналуға тиіс. Қазір бәсеке күшейіп тұр. Осыған орай бірқатар маңызды мәселені шұғыл шешу керек. Ең алдымен, «Достық-Мойынты», «Бақты-Аякөз», «Дарбаза-Мақтаарал» бағытындағы ірі теміржол жобаларын сапалы жүзеге асыру қажет. Оның қатарында Алматыны айналып өтетін темір жол желісі де бар».

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.

Қалай Орындалды?

Қазіргі уақытта Достық-Мойынты учаскесінде екінші жолдарды, Алматы станциясын айналып өтетін айналма теміржол желісін, ҚХР-мен шекарада үшінші теміржол өткізу пунктінің ашылуымен Дарбаза – Мақтаарал және Бақты-Аягөз жаңа теміржол желісін салу бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру пысықталуып жатыр.

«Достық-Мойынты» теміржол учаскесінің екінші жолының құрылысы: 

Құны — 543 млрд теңге, ұзындығы – 836 шақырым.

Нәтижесі – өткізу қабілетін 5 есеге арттыру (12-ден 60 жұп пойызға дейін) және контейнерлік пойыздардың жылдамдығын тәулігіне 834-тен 1500 км-ге дейін арттыру.

Учаскеде 451 арнайы техника жұмылдырылып, 987 қызметкер еңбек етуде. Ұзындығы 836 шақырым болатын екінші желіні төсеу үшін 7,3 млн м3 жер төсемінің 6,9 млн. м3 құйылды. Сондай-ақ 39 көпір мен 224 су өткізгіш құбыр салынды. 508 шақырым рельсті шпалды тор төселген.

Алматы стансасы айналма теміржол желісінің құрылысы:

2023 жылғы 14 қарашада жобаны іске асыру басталды.

Құны — 151,8 млрд. теңге, ұзындығы – 75 шақырым.

Нәтижесі – жүктерді жеткізу уақытын 24 сағатқа дейін қысқарту және Алматы темір жол торабына түсетін салмақты 40 пайызға төмендету.

Қазір жердегі жұмыстары жүргізілуде, 3,6 млн текше метр (59%, барлығы 6,2 млн. м3) себілді. Звеноқұрастыру базаларында 10 шақырым рельстің шпалды торы жиналды және төсеуге әзірленді. 14 бірлік көпір (74%, барлығы 19 бірлік) және 33 бірлік құбыр (60%, барлығы 55 бірлік) дайындалуда.

«Дарбаза-Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысы:

2023 жылғы 25 қарашада жобаны іске асыру басталды. Құны — 286,9 млрд теңге, ұзындығы – 152,3 шақырым.

Нәтижесі – Орталық Азия бағытындағы өткізу қабілеті 10 млн тоннаға ұлғаяды.

«Бақты-Аягөз» теміржол желісінің құрылысы:

Жоба 2023 жылғы 20 желтоқсанда басталды.

Құны – 577,5 млрд теңге, ұзындығы – 272 шақырым.

Нәтижесі: «Достық» және «Алтынкөл» шекара маңындағы теміржол станциялары азайтып, Қазақстан мен Қытай арасындағы өткізу қабілеті тағы 20 млн тоннаға ұлғайтылады.

JQ-Талдау

 

Бүгін, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?