Қостанай облысында Астанаға бағыт алған қалааралық жолаушылар автобусы өртке оранды, деп хабарлайды «Наша газета». Басылым таратқан мәліметтерге қарағанда, төтенше жағдай 2 шілде күні сағат 23.30-да Новонежинка кенті маңында болған. Оқиғадан жолаушылар мен жүргізушілер зардап шекпеген. Автобус Лисаковск — Астана бағытымен жолға шыққан. Өрттің шығуына көліктегі қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін.