jasqazaq.kz

Жол апатына түскен марқұмдардың алтыны мен ақшасын ұрлап кеткен (видео)

07 маусым 2017, 14:50

Жол апатынан қаза болғандардың туыстары қайғылы оқиға кезінде марқұмдардың бағалы заттары тоналғанын айтты.

Орал-Ақсай жолында жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам мерт болған еді. Жақындары марқұмдардың алтындары мен ақшасы жоғалып кеткенін айтты.

«Әпкем Айнагүл Есмальярованың алтын сырғасы мен жүзігін шешіп алған. Ол алтындарды тірі кезінде ешқашан шешпеген еді», – дейді Аманжол Көпеев.

20 жастағы марқұм Салтанат Әділованың жақындары да оның ақшасы бар әмияны жоғалғанын айтады.

«Немеремнің сөмкесі ашық жатты. Барлық заттары орнында тұр. Тек ақшасы жоқ», – дейді марқұмның атасы.

Марқұм болған Айнагүл Есмальярова мектепте есепші болып жұмыс істеген. Оның артында 10 жасар қызы қалды.

36 жастағы Әсима Нұрманова да есепші болып қызмет атқарған. Ол апат болар күні баспана сатып алу мәселесімен Оралға асығып бара жатқан. Оның артында 17 жастағы ұлы қалды.

stan.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда