jasqazaq.kz

Жоқ жолды 328 миллион теңгеге жөндемек болған

29 қантар 2024, 11:42

Ақтоғай ауданы прокуратурасының наразылығы бойынша ауданның Экономика және қаржы бөлімінің жалпы сомасы 328 миллион теңгеден асатын іс жүзінде жоқ «Ақжарық-Аппаз» тас жолын ағымдағы жөндеуге ашық конкурс өтпей қалды. Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасы мәлімдеді.

Жолдың бұл учаскесінде жергілікті және облыстық деңгейдегі уәкілетті органдардың балансында ешқандай жол жоқ екені анықталды.

«Автомобиль жолдары туралы» Заңның 1-бабына сәйкес автомобиль жолын ағымдағы жөндеу — автомобиль жолдарындағы төтенше жағдайлардың, ақаулардың алдын алу мақсатында жүргізілетін жұмыстар кешені, сондай-ақ жыл бойы жүргізілетін автомобиль жолдарын жедел қалпына келтіру және жөндеу, оның ішінде маршруттық әдіспен жүзеге асырылатын қираған учаскелерді жөндеу шаралары.

Тиісінше, ағымдағы жөндеу жұмыстары қолданыстағы тас жолда жүргізілуі керек.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 60-бабының 1-тармағына сәйкес объектілер мен олардың кешендерінің құрылысы жобалық (жобалық-сметалық) құжаттама бойынша жүзеге асырылады.
Осы норманы бұза отырып, экономика бөлімі құрылыс жобасы жоқ жаңа тас жол салуға әрекеттенген.

Сонымен қатар, құрылыс-монтаж жұмыстары олар бойынша мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы №46 бұйрығымен бекітілген «Рейтингтік-баллдық жүйені пайдалана отырып, конкурс арқылы жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің» тізбесіне енгізілген.
Осыған қарамастан, құрылыс-монтаж жұмыстары туралы хабарландыру ашық конкурс арқылы орналастырылған. Ақтоғай ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша бұл конкурс жойылды.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?