jasqazaq.kz

Жоғарғы соттың 4 судьясы қызметтен босатылды

25 қантар 2018, 10:43

Жоғарғы соттың 4 судьясы қызметтен босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін сенаттың жалпы отырысында Елбасының ұсынуы бойынша Жоғарғы сот судьяларын қызметтен босату туралы мәселе қаралды.

«Мемлекет басшысы сіздердің қарауыңызға Жоғарғы соттың төрт судьясын қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді. Оның үшеуі Өмірсерік Қожабаев, Рақымбек Мамырбаев, Дүйсен Тұмабеков зейнет жасына жетіп, отставкаға кетуге ниет білдірді. Сот жүйесінде еңбек еткен жылдары олар өздерін абыройлы, сауатты, тәжірибелі судья ретінде көрсетті. Бұдан бөлек өткен жылы 13 желтоқсанда Жоғарғы сот судьясы Қалидолла Шауқаров қайтыс болды. Осыған орай мемлекет басшысының осы судьяларды қызметінен босату туралы ұсынысын қолдауды өтінемін», — деді отырыста Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Анатолий Смолин.

Сенат депутаттары президенттің Жоғарғы сот судьяларын қызметтен босату туралы ұсынысын қолдап дауыс берді.

sputniknews.kz

Бүгін, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
Бүгін, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды