jasqazaq.kz

Жоғалған оқушы қыз сүйіктісінің үйінен табылды

19 қантар 2018, 14:13


Алматы облысында жоғалған оқушы қыз Жамбыл облысынан табылды. Жасөспірім Қордай ауылындағы сүйіктісінің үйінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД қызметкерлері қызды 11 күн бойы іздеген. Іздеу жұмыстарына Жамбыл аудандық ІІБ полицейлері, Қастек ауылындағы мектеп мұғалімдері мен туыстары қатысқан.

Алдымен олар ауыл ішін сүзіп өтіп, одан кейін елді мекен маңындағы аумақта іздеген. Сондай-ақ оқушының туыстары және құрбыларының үйлерін де қарап шыққан. Жедел іздестіру барысында тәртіп сақшылары оқушының Жамбыл облысы Қордай ауылындағы жігітінің үйінде жасырынып жатқанын анықтады.

Кеше қыз өз үйіне жеткізіліп, ата-анасына табысталды. Оқушыны ювеналды полиция қызметкерлері тіркеуге алып, онымен ата-анасының көзінше түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бүгін, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
Бүгін, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
Бүгін, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады