jasqazaq.kz

Жоғалып кеткен бес жастағы қыз педофилдің пәтерінен табылды

24 шiлде 2017, 14:14

23 шілдеде Сәтбаев қаласында жоғалып кеткен 5 жастағы қыз жергілікті тұрғынның пәтерінен табылды. Ер адам қызды зорлағанын мойындады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қыздың жоғалып кеткені туралы алғаш әлеуметтік желілер арқылы белгілі болған. Қызды алдымен әкесі және бей-жай отыра алмаған тұрғындар іздеген. Істен оң нәтиже шықпаған соң әкесі полицияға хабарласқан.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі полицейлердің қызды 50 жастағы қала тұрғынының пәтерінен тапқанын хабарлап отыр. «23 шілдеде Сәтбаев қаласының 40 жастағы тұрғыны қызының жоғалып кеткенін хабарлады. Ішкі құрам бірден іздеуге кірісті. Жедел-іздеу тобы әр пәтерді аралап, қызды тапты. Полицейлер 50 жастағы тұрғынды оқиға орнында ұстады, ол қызды алдап пәтеріне кіргізіп, сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткенін мойындап отыр», — дейді баспасөз қызметінің өкілдері. Бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ер адам он бес жылдан жиырма жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда