jasqazaq.kz

Жоғалған спортшы қызбен бірге болған жас жігіт құздан құлап мерт болды

25 шiлде 2017, 15:58

Алматыда өзін іздегендерден қашып құздан құлап кеткен спортшы қызбен бірге болған жас жігіт мерт болды.

«Жас жігіттің мүрдесі табылды. Мүрдеде күштеп өлтірудің белгілері білінбейді. Фактіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, оның күдікті ретінде іздеуде болғаны анықталды. Ол өзінің туысқандарының бірін пышақтап, ірі сомадағы ақшасын алып кеткен», — дейді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын іздеу жарияланған спортшы қыз Анастасия Смирнованың Медеу шатқалынан Назар есімді жігітпен табылғаны хабарланған. Алайда, іздеуге көмектескен Ислам Угушев есімді еріктілерден жастар тауға қашып, құздан құлап кеткен болатын. Фейсбук әлеуметтік желісінде Ислам Угушев Назардың шатқалдан құлап, мерт болғанын хабарлады. Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы дәрігерлері өзін іздегендерден қашып құздан ұшып кеткен спортшы қыздың хал-жағдайы туралы айтып берген. Спортшы қыз Анастасия Смирнова Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына жеткізілген. «Бойжеткеннің тізе тұсының жұмсақ тіндері, көкірек қуысы зақымдалған. Аурухананың қабылдау бөлімшесінде қажетті мамандар көмек көрсетті. Тексеру жүргізілді. Денсаулығына қауіп туып тұрған жоқ», — деген болатын қалалық Денсаулық сақтау басқармасы.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда