jasqazaq.kz

Жездесіне тоқал болған келіншек

17 сәуiр 2018, 17:03

Әпкесінің жолдасының көңілін аулап, оның тоқалы болып алған келіншек ұятқа қалды деп хабарлайды oqiga.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, Айым есімді келіншек қазақтың «сүйек жаңғырту» дәстүрімен ұзатылып, келін атанады. Алғашында ата-енесімен тұрған ол кейін бөлек шығып, қатарынан 5 баланы дүниеге әкелген.

Кейін Айымның үйіне Мақпал есімді туған бөлесі келеді. Бойжеткеннің барарға жері болмай, ол әпкесінің үйін көп уақыт бойы пана еткен. Сөйтіп, шарап зауытына қызметке тұрып, әпкесіне де көмектесе бастапты.

Мақала авторының айтуынша, кейін Айым мен оның жолдасы, бөле сіңлісі Мақпал үшеуі дүкен ашып, тұрмыстары тіптен жақсара түседі. Ерлі-зайыптылар бірнеше үй қымбат көлік мініп, ауқатты жанұя болған.

Күндердің күнінде Айымның денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсіпті. Жолдасы Айымның жағдайын бір-екі рет қана сұрап келіп, сол күйі ат ізін салмай кетеді.

Келіншек шыдамы таусылып, үйіне барғанда, сіңлісі мен күйеуінің бір төсекте жатқанын көреді.

Күйеуі кешірім сұраудың орнына, тіпті, «Әкемнің қалауымен алғанмын сені, саған деген ешқандай сезімім жоқ, не істейсің, кетем десең жолың ашық»,- деп жайып салады.
Амалы таусылған Айым бар сырын өзінің жеңгесіне ақтарған.

«Тана көзін сүзбесе бұқа жібін үзе ме? Бар бәле Мақпалдың өзінде, еркекте ес бар ма, егер жездесі өзеуреген күннің өзінде кеудесінен итеріп, болмаса басқа үйге кетіп қалмай ма? Босқа мені күйдіргенше?», — деп еңірей жылаған келіншек.
Айымның жеңгесінің айтуынша, Мақпал бүгінде бөлек үй салып, сол жаққа көшкен екен.

«Айымның күйеуіне деген сезімі өшкен, амалсыз балалары үшін өз бақытынан бас тартып құр сүлдері жүр. Әпкесін аямай осындай тірлікке барған Мақпал жүр тайраңдап. Оның осыншалықты сұрқиялығы үшін бәріміз жек көреміз оны. Апалы-сіңлілер осылайша бәйбіше тоқал болып жүр. Айымды аяймын, бірақ қолымнан келер қайран жоқ», — деп әңгімесін аяқтаған жеңгесі.

Бүгін, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Бүгін, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
Бүгін, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
Бүгін, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр