jasqazaq.kz

Жезқазған маңында зымыран қирандысы құлаған жерде бір адам қаза тапты

15 маусым 2017, 10:26

Жезқазған маңында зымыран қирандысы құлаған жерде бір адам күйік шалып, қаза тапты, — деп хабарлайы Tengrinews.kz сайты ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Иманқұловтың хабарына қарағанда, 14 маусымда сағат 18.04-те Қарағанды облыстық ТЖД Өрт сөндіру және апат-құтқару қызметіне Жезқазған қалалық ТЖБ-ден оңтүстік-батыс бағытқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан Талап ауылында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан құлайды деп жоспарланған аймаққа «Союз-2.1а» зымыран тасығышының «Прогресс МС-06» ғарыш кемесінің құлауынан далада өрт шыққаны жайлы хабар түскен. «Оқиға орнында РФ «Машиностроение» ғылыми өндірістік бірлестігі» әскери өндірістік корпорациясы АҚ № Базасының 5 дана техникасы жұмыс істеп жатыр, тағы 3 дана техника тартылады, қомсымша көмек қажет емес», — делінген хабарламада. Сонымен қатар, Қарағанды облыстық ТЖД Өрт сөндіру және апат-құтқару жұмыстары қызметтерінің №2 жасағының орталық пунктіне Талап ауылының тұрғынынан Жезқазған-Қызылорда тасжолының маңындағы далада өрт шыққаны жайлы хабар түскен. Осы хабарлама бойынша сағат 19ү27-де Өрт сөндіру қызметінің кезекші ауысымындағы күштерді жөнелту туралы шешім қабылданған. Оқиға орны шамамен 40 шақырымда болды. «Оқиға орнында Талап ауылынан 16 шақырым жерде Жезқазған — Қызылорда тасжолының оңтүстігінде 15 шақырымға созылған жердің өртеніп жатқаны анықталды, тасжолдың бойында қою түтін шықты, өрттің аумағы белгісіз болды, оңтүстік-батыстан соққан желдің өті секундына 15-20 метрге жеткен. Кейін жоспарлы түрде сөндіру бойынша шаралар қабылданды», — деп хабарлады ТЖК өкілдері. Өрттің салдарынан зымыран тасығыштарының бөліктерін жинау бойынша жұмыс атқарып жүрген 1964 жылғы азамат күйік шалып, қаза тауып, тағы бір 1968 жылғы ащамат ауруханаға жеткізілді. Өртті сөндіруге 61 адам және техниканың 22 данасы жұмылдырылған. Осылайша өрт 03.31-де сөндірілген. «Мессенджерлерде зымыран тасығыштың ажыратылған бөлігінде гептил бар деген мәлімет расталмады», — деді Руслан Иманқұлов.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда