Жетісу облысында «Таза Қазақстан» акциясы жыл соңына дейін жалғасады

11 маусым, 21:42

Жетісу облысының Сарқан ауданында орналасқан, ел табиғаты үшін асыл қазына болып табылатын – «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» аумағында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырылуда. Ұлттық парк аумағына санитарлық тазалық жұмыстарын жасап, қоқыстан тазартумен қатар, орман шаруашылығы питомнигінде күзгі ағаш егу маусымына дайындық жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, ағаш егетін орындарды даярлауға басым бағыт берілген. Айта кету керек, ұлттық парк аумағындағы питомникке келер жылы 80 мың ағаш отырғызылмақ. Алдағы уақытта олар тек облыс аумағы емес, республиканың түкпір-түкпіріне жөнелтілетін болады. Аталмыш питомниктің еліміздегі ағаш базасын молайтуда атқарар рөлі мол. «Қыстың қамын, жаз ойла» деген халық нақылын ұстанған жетісулықтар күзгі ағаш егу маусымына дәл осылай дайындалуда.

Өңірдегі табиғи және тарихи тұрғыда маңызды  орын болып табылатын «Қойтас» саябағында тазалық шарасымен қатар, саябақ аумағын алып зіл тастардан босату жұмыстары орын алмақ. «Қойтас» саябағының ерекшелігі – ауыл тұрғындардың айтуынша аңызға сәйкес, бұрын үлкен су тасқынынан қалған үлкен тастар орналасқан. Жергілікті тұрғындар оның ішіне жөндеу жұмыстарын жасап, тастардың арасын арнайы аллея етіп, жергілікті көрнекі орынға айналдырған. Бұл шараға өңірдегі алып күш иелері атсалыспақ. Олардың қатарында өңірдегі танымал түйепалуандар да бар. Олар аумақты тастардан тазалап, акцияға үлес қосумен қатар, күш сынастыратын болады. Тастарды көтеруден жарыс ұйымдастырылып, үздіктері марапатталады. Сонымен қатар, өңірдегі «Ақбұлақ-Продукт» ЖШС тасада қалмай, республикалық тазалық шарасына өз үлестерін қоспақ. Акцияға қатысушылардың барлығына төл өнім – ұлттық сусындарды ұсынатын болады.

Екіаша ауылдық округіндегі Теректі өзенінің бойына тазалық жұмыстарын жүргізуге де ауыл тұрғындары жұмылып кірісті. Бүгінгі күнге өзен жағалауындағы 2000 метр жер қоқыстан тазартылмақ. Дәл осы өзеннің жағалауы басқа жерлермен салыстырғанда, үлкен плитка тастары бар болуымен ерекшеленеді. Акция барысында  сол  плитка тастардың бетіне тазарту жүргізіледі.

Жетісулық төтенше жағдай қызметкерлері тазалыққа шақырады: Облыс аумағын алып жатқан, ел жауһары атанған – Алакөл, Балқаш көлдерінде Төтенше жағжайлар қызметі өз жұмысын жалғастыратын болады. Шосылу маусымы қарсаңында су асты тазалық жұмыстарын жүргізіп, ТЖД сүңгуірлер көмегімен су атын қоқыстан тазартып, жазғы демалысын өткізушілерге қауіпсіздік және тазалықты қамтамасыз ететін болады. Осы арқылы су асты тазалығын қолға алған төтенше жағдай қызметкерлері «Тазалық шарасы тек жердің бетінде емес, көлдің тереңінде де сақталуы керек» екенін айтады.

Сонымен қатар, облыс бойынша «Таза аула», «Таза көше» байқаулары ұйымдастырылуда. Табиғаттың жас сақшыларынан арнайы жасақталған эко-рейдтің нәтижесіне сәйкес, ең таза аулалар мен көшелерге арнайы тақтайша орнатылуда. Сондай-ақ, тау маңдары мен табиғат аясында демалушылар арасында #Тазаlike челленджі өтуде. Тазалық челленджі әр демалуышаға өз артынан қоқысты тазалап кетуге үндейді.

Айта кету керек,  «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жетісу облысында жалпы 887 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 5388 тонна қоқыс шығарылып, 2200 км арық желісі тазаланды. Сонымен қатар, 25 826 м2 автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыс аумағында акция кезінде 29 514 түп көшет отырғызылды.

Аталған жұмыстар облыстың әр аумағын қамтып, жыл соңына дейін жалғасын таппақ.

JQ-Aqparat

Сурет: Жетісу облысы әкімдігі

 

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде