jasqazaq.kz

Жетісу облысында көпбалалы ана өзіне қол жұмсады

05 қантар 2024, 11:08

Аса ірі көлемде дәрі қабылдаған Ақсу ауданының тұрғыны аурухана төсегінде қайтыс болды. Жергілікті полиция «өзін өлтіруге итермелеу» бабы бойынша іс қозғады. Kazinform хабарлағандай, қайғылы оқиға өткен жылдың 28 желтоқсанында Жансүгіров ауылында болған.
Куәгерлердің айтуынша, өзіне қол жұмсаған көпбалалы ана Б. Өзбекова — өңірдегі белсенді тұрғындардың бірі.
Сол күні аудан әкімінің қабылдауында болған ол құрбысының үйіне келіп, өзіне қол жұмсайтынын, 10 қорап аспирин ішкенін айтады.
Құрбысы дереу аудандық ауруханаға жеткізіп, дәрігерлерге болған жайды ескерткен.
Аудан дәрігерлері көпбалалы ананы жансақтау бөліміне жатқызып, қажетті ем-дом жасағанымен, келесі күні науқас қайтыс болған.
— 35 жастағы Балжан Өзбекованы 28 желтоқсанда кешке құрбысы ауруханаға жеткізген. Ақсу ауданы орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөлімінде әйел аспирин дәрісінің 10 қорабын ішкенін айтқан. Бір күннен кейін ол оңалмай, қайтыс болды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар сараптамалар тағайындалған, — деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?