jasqazaq.kz

Жетісу облысында «Ислам ғылымхалы» және «Тағдыр кітабы» туындылары жарыққа шықты

13 маусым 2024, 20:34

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Ислам ғылымхалы», «Тағдыр кітабы» атты дін саласының іргелі екі кітабының тұсаукесері өтті. Бұл кітаптар Жетісу облысының дін істері басқармасы мен «Ихсан» ғылым және мәдениет орталығы» қоғамдық қорының бірлескен шығармашылық туындылары.
«Ихсан» орталығы теріс діни ағым идеологиясына қарсы насихат мақсатында танымдық, діни сауаттылықты арттыратын әдебиеттер, медиа кеңістікте және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізумен айналысатын бірден бір мекеме болып табылады.


«Ихсан» орталығының директоры, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Тимур Нүсіпханның айтуынша, оқырман назарына ұсынылатын түрік ғалымы Мұхаммед Ихсан Оғыздың «Ислам ғылымхалы» еңбегіндегі ислам дінінің иман, тазалық және намаз, ораза, зекет, қажылық пен құрбандыққа қатысты мәселелері және «Тағдыр кітабы» еңбегіндегі мұсылмандардың тағдыр мәселесіне қатысты жетіспейтін мәліметтері толығып, қате түсініктер жойылуына септігін тигізеді. Бұл кітаптар қазақ тілінде жарық көріп жатқан тұңғыш еңбек болғандығымен ерекше құнды.
Шара Жетісу облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өтті.
Шараға Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Әбілмәжінұлы Келемсейіт, «Ихсан» — ғылым және мәдениет орталығының директоры Ринат Сейітқалиұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дін саласының ардагері, мәдениет қайраткері, Талдықорған қаласының құрметті азаматы Рахмет Разбекұлы Есдаулетов, ақын, ардагер журналист Нүсіпбай Додабайұлы Әбдірахым, облыстық «Jetisy» газетінің бас редакторы, ақын Жұматай Оспанұлы Әміреев, «Jetisy» газеті бас редакторының орынбасары Мәди Алжанбай, «Егемен Қазақстан» газетінің Жетісу облысындағы тілшісі Мұхтар Күмісбек, ҚМДБ Жетісу облысы бойынша өкілдігі діни қызметкерлері, Басқарма және басқармаға қарасты орталық қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?