Жетісу облысында 4,5 миллиард теңгені жымқырған 21 бухгалтерге үкім шықты

23 шiлде, 12:31

Жетісу облысында 4,5 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша 20-дан астам бухгалтер сотталды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғаны (ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 1), 2) тармақтары), заңсыз заңдастырғаны (ҚК-нің 218-бабының 3-бөлігінің 3) тармағы), ұйымдасқан топ құрып, оған басшылық жасап және оған қызметтік бабын пайдалана отырып қатысқаны (ҚК-нің 262-бабының 3-бөлігі) үшін айыпталған Талдықорған қаласы білім бөлімінің және мектептерінің 21 бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

3 жыл бойы Талдықорған білім бөлімінің бас бухгалтері С. әріптестерінен құралған (7 – білім бөлімі және 14 – орта мектеп) қылмыстық топ ұйымдастырған. Оның басшылығымен ұйымдасқан топ алдын ала сөз байласу арқылы жалған жұмыскерлерге және мектеп қызметкерлеріне белгіленген лауазымдық жалақыларынан тыс жалақы есептеу арқылы 4,5 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. Ұрланған қаржыны сотталушылар туыстарының банктік шоттарына аударып, содан кейін қылмыстық рөлдерге сәйкес өз араларында бөлген. Аталған қаражатқа жылжымайтын мүлік, жер учаскелерін, автомобильдер, зергерлік бұйымдар және т. б. сатып алған, — делінген хабарламада.

Сотталушылар кінәләрін тек жымқыру бөлігінде мойындады, қалған бөлігінде оларды ақтауды сұрады.

Сот қылмыстық құқық бұзушылықтардың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сотталушылардың жеке басын ескере отырып, оларды кінәлі деп танып, үкім шығарды:

— қылмыстық істің бас фигуранттары С., М., Н. 12 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

— 15 сотталушы 7 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

2 сотталушы келтірілген залалды толық өтеуіне байланысты ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігі 2) тармақшасы бойынша шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

▪️Бір бухгалтерге қатысты қылмыстық іс оның қайтыс болуына байланысты ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды.

▪️Сотталғандардың 3 млрд теңгеден астам ақшалай қаражаты, зергерлік бұйымдары, жылжымайтын және жылжымалы мүлкі тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

JQ-Aqparat

 

 

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде