jasqazaq.kz

Жемқорлыққа қарсы бюросының есепшісі не себептен асылып өлді

09 ақпан 2018, 17:46

Талдықорғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Алматы облыстық департаментінің ғимаратында осы мекеменің бухгалтері асылып өлді.

КТК телеарнасы хабарлағандай, 25 жастағы Динара Бекасылдың денесін түскі үзіліс кезінде күзетші көріп қалған. Бұл оқиғаның жай-жапсары туралы не ұлттық бюро, не полициядағыдар айтуға асығар емес. Айта кетейік, бұл – бір аптаның ішінде осы департаментте болған екінші өлім.
6 ақпан күні «ҚазСуШар» мекемесінің бұрынғы басшысы тергеушінің төртінші қабаттағы терезесінен секіріп өлген. 64 жастағы Сейілхан Мұхамәдиев мердігерден атқарылған жұмыс актісіне қол қою үшін 17 миллион теңгеден астам пара сұрап, соның 400 мың теңге алу барысында қолға түскен.
Әуелі зейнеткерлікке шығып, ертесіне ұлттық бюрода тергелу кезінде терезеден секіргені мәлім болған еді. Куәгерлер оның сырт киімсіз және жалаңаяқ екенін айтқан. Апта өтпей аталған департамент бухгалтері өзіне қол салып отыр. Әзірге Динара Бекасылдың ұлттық бюрода штаттан тыс жалдамалы қызметкер ретінде жұмыс істегені және анасы екеуі ғана тұрып жатқаны белгілі. Құзырлы органдар «өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабымен іс қозғағанымен, оның жай-жапсары тулары әлі жақ ашқан жоқ.

 

Бүгін, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
Бүгін, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
Бүгін, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
Бүгін, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
Бүгін, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
Бүгін, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады
03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті