jasqazaq.kz

Желіні шулатқан әке баласын не үшін ұрғанын айтып берді

29 мамыр 2017, 18:57

Баласын күрекпен басынан ұрған әке өз әрекетін оның жұмыстан қайта-қайта бөле бергендігімен түсіндірді. Бақылау органының өкілдері Қазнетті шулатқан видеоға қатысты пікір білдірді. Олар толыққанды тергеу жүргізгенін айтты.

Пернебек Қарабаев сол күні баласын жұмысқа апарыпты, себебі оны үйде қарайтын адам болмай қалған. Ол жұмыс берушісінің үйінде жұмыс істеген. Бала еркелеп, әкесінің мазасын ала берген. «Пернебек онысына ашуланып, баласын дөңгелектердің ортасына салып қойған. Сәлден соң бала қайтадан еркелей бастаған, сол уақытта ер адам оған басынан күрекпен бірнеше рет жеңіл соққы жасаған». Прокурорлардың айтуынша, 1968 жылғы ер адамға қатысты ешқандай да жаза қолданылмаған. Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспектор отбасыны бақылауға алды. Ер адамның өзі өз ісіне өкініп отыр екен. Сол күні баласын көлік дөңгелектерінің ортасына отырғызып қойғысы келгенін айтты, себебі үй иелерінің мазасын алмасын дедім. Баланың айтуынша, үй иелері оған ұрысқан. «Күрекпен ұрмадым. Сілтеп қалдым. Бұл менің жалғыз балам. Әйелім кетіп қалғанда, туыстарым баланы өз қолына алғысы келген, бірақ мен бермедім. Мені оны жақсы көрем», — деді Пернебек Қарабаев журналистерге.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда