jasqazaq.kz

Жазира Байырбекова аяғын сындырып алатынын ескерткен балгерді іздеп жүр

13 маусым 2017, 17:20

 

Бірнеше ай бұрын баспалдақтан құлап, аяғын сындырып алған Жазира Байырбекова оқыс жағдайға тап болатынын болжаған балгерге іздеу салды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әншінің айтуынша, бірнеше ай бұрын оны бір апа үйіне іздеп келіпті. Түсінде аян көргенін айтқан әжей әншіге емшілік қасиеті бар кісінің орамалын алып кетуді бұйырған. Алайда той-томалақтан қолы босамайтын әнші әжейдің бұл өтініші туралы ұмытып кетіпті.

“Апамызда бұрын өмірден өткен Қажы, Қари, ерекше емшілік қасиеті болған бір әженің үлкен орамалы сақтаулы тұр екен. Мені іздеп келген апа үйде шәй ішіп отырып келген себебін айтты.

Апаның түсіне әлгі әже бірнеше рет кіріп “Орамалды Жанболаттың жары Жазираға бер” деп бұйырыпты. Апа ескі орамалды маған әкелуге ыңғайсызданып жүрдім дейді. Айналасындағы өзінен үлкен әжелер “Ол кісінің аянын орындамағандардың аяғы сынады” деген соң апа бар ұятты қойып келгенін айтты. Тек орамалды апаның үйінен өзім алып кетуім керек екен. Мен дәл сол күні жолға шығып кеттім де, сол жағдай есімнен шығып кетіпті. Кейін апаның телефонын, адресін жоғалтып алдым.

Аяғымды бір сындырып алып жазылдым. Кеше тағы қайырып алдым, бірақ ақырындап жүріп жүрмін.
Қанша дегенмен ырымшыл xалықпыз ғой. Орамал әлі сақтаулы болса барып алуым керек па деген ойға келдім.

Бұл жәй сәкестік болуы да мүмкін, кім біледі. Бәрін білуші бір Алла!

Сонда да мені іздеп келген апаның ұл-қыздары болса маған жекеге жазыңыздаршы! Сол апама іздеу саламын!” – деп жазды Байырбекова.

Желідегілердің бір бөлігі ырымға сүйеніп, әншіге әлгі орамалды тауып алуға кеңес берсе, ендігілер мұның жай сәйкестік екенін айтты.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда