jasqazaq.kz

Жазира Байырбекова: Әйелдің көңілі ақшамен ғана көтерілмейді

27 наурыз 2024, 11:38

Жазира Байырбекова Instagram парақшасында ерлер қауымына үндеу жасап, жылулық ақшамен өлшенбейтінін айтты.

«Әйелге көп ақша жұмсасаң табысты боласың, жолың болады» деп айтып жүргендерді былай түсіндім. Әйел сыйлық жасағанда, жылы сөз айтқанда, қамқор болғанда көңілі қуанып, ер азаматына риза болып жүреді. Әйел ер адамның ризалығын алу керек дегенді көп естиміз. Ер адам да әйелдің ризалығын алу керек. Әйелдің көңілі ақшамен ғана көтеріледі дегенге келіспеймін. Бәрі жетіп тұрғаны әрине жақсы ғой. Бірақ бір тал гүлді даладан үзіп әкеліп беріп (қалжыңсыз), шын көңілімен «отбасымызға жасап жүрген еңбегің үшін» деп жылы сөз айтса да риза боламыз.

«Қымбат сыйлық жасау керек» деп бар тапқандарыңызды әйеліңізге жұмсап, ата-анаңызға, бала-шағаңызға жеткізе алмай отырмаңыздар жігіттер. Анаңызға да, әйеліңізге де сіздің ақшаңыздан бұрын жылы сөзіңіз керек. Жылулық, татулық ақшамен өлшенбейді. Мүмкін менің ойым қате шығар» , — деп жазды Байырбекова.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?