jasqazaq.kz

Жастардың ғылымға деген қызығушылығы жоғары

25 мамыр 2017, 19:31

Данияр СҮНДЕТБАЕВ, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы:

– «NURINTЕCH» республикалық жастар инновациялық жобасын ұйымдастырудағы мақсат не?
Бүгінгі таңда инновация – экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі қозғаушы күші екені баршамызға мәлім. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткендей әр салада инновацияны әзірлеп енгізу мемлекетіміздің дамуының стратегиялық бағыты болып табылады. Өнімдердің әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ететін инновациялық қызметті жетілдіру және ғылыми-техникалық жетістіктерді тәжірибеде қолдану – әлеуметтік-экономикалық саясаттың маңызды құраушысы екені белгілі.
Осы орайда «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ биыл екінші жыл қатарынан «Nurintech» Республикалық жастар инновациялық жобалар байқауын өткізеді. Биылғы жылдың жаңалығы латын қарпіне көшуге арналған бағдарламалар мен қосымшалар атты жаңа бағыттың қосылуы. Жобаны өткізудегі мақсат — ғылыми-инновациялық қызметке баулу арқылы жастардың шығармашылық қабілеттілігін арттыру.
–Бұл жобаны кімдер қаржыландырады және қанша қаражат бөлініп отыр?
–Жоба «Нұр Отан» партиясымен қаржыландырылады және байқаудың жалпы жүлде қоры 8 000 000 теңгені құрайды.
–Басқа старт-ап жобалардан қандай айырмашылығы бар?
– «Nurintech» стартапқа жатпайды, бұл инновациялық жобалардың байқауы. Яғни, Қазақстанның әр аймағынан 14 пен 29 жас аралығындағы жастардан өтінімдер қабылданып, ең үздік жобалар іріктеліп, жеңімпаздар анықталады. Байқауға тек қаржыландыруды қажет ететін, өз кезегінде табыс табуға бағытталған жобалар ғана емес, теориялық тұрғыдан жаңалығы бар ғылыми жобалар да қатыса алады.
–Бұрынғы жеңімпаздардың ғылыми жұмыстары қаншалықты нәтижелі болды? Жалпы біраз қаржы бөлінгендіктен жобаның берген пайдасы есептеле ме?
–2016 жылы жеңімпаздар мен жүлдегерлер байқаудың аяқталуына қарамастан зерттеу жұмыстарын жалғастырып, жетістіктерімен қуантып жатыр. Себебі егер байқау қатысушыларға бастама болып, одан әрі өз бетінше ізденуге түрткі болса, жобаның өз мақсатына жеткендігін білдіреді. Бөлінетін қаржылай сыйлықтар жобаны толығымен жүзеге асыруға жеткіліксіз болғанымен, жеңімпаздардың жобамен жұмыстары барысында кәдеге жарап жатыр.
– Жеңімпаз жобаларды өндірісте жүзеге асыру жағы қарастырылған ба?
–Біз өз кезегімізде эксперттік және конкурстық комиссия мүшелері ерекше деп таныған және өндірісте жүзеге асырылуы мүмкін жобаларды одан әрі жүзеге асыруға қолдау көрсетеміз. Оған мысал ретінде былтырғы байқаудың «Әлеуметтік маңызды инновациялар» номинациясы бойынша 1 орын иегері Бектұрғанов Мәуленнің «Қолдың бионикалық протезі» жобасы аясында «Республикалық протез-ортопедиялық орталығы» АҚ-мен, «Перспектива» номинациясы бойынша 2 орын иегері Крепак Иванның «bLock» жобасы аясында «Павлодар ауыр машина жасау зауыты» АҚ-мен меморандумдарға қол қойылып, жұмыстар жүргізіліп жатыр.
–Жалпы жастардың ғылымға деген көзқарасы, бетбұрысы қандай?
–Былтыр байқауға жас ғалымдардан 1000-ға жуық өтінім келіп түскен болатын. Бұл жастардың ғылымға, ізденуге деген қызығушылығын білдіреді. Қай саланы алмайық, барлығының дерлік болашағы ғылымның дамуына байланысты деп есептеймін. Сол себепті біз өз тарапымыздан «Nurintech» арқылы жастарымызды ғылымға баулуға, инновациялық идеяларын іске асыруға қолдау көрсетуга әзірміз.
–Бұл жобадан қандай жаңалық күтесіздер?
–Жоба екінші рет ұйымдастырылып отырғандықтан, сонымен қатар былтырға қарағанда көп уақыт бөлінгендіктен биыл қатысушылар саны әлдеқайда көп болады деп ойлаймыз. Ал қатысушылар тарапынан еліміздің саяси-экономикалық, ғылыми-техникалық дамуына өз әсерін тигізетін, әлемде орын алып жатқан өзгерістер мен мәселелерге жауап бере алатын инновациялық идеялар күтеміз.
–Әңгімеңізге рахмет!

А. Мұқали,
Астана қаласы

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда