jasqazaq.kz

Жастар – қоғамның тірегі, қозғаушы күші!

04 сәуiр 2024, 11:01

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев ІІІ-ші Ұлттық құрылтайда ұлтымыздың тәлім-тәрбиесіне үлкен мән беру керек екенін нақтылай түсті. Ұлттық тәрбие – рухани жаңғырудың қайнар көзі. Келелі жиында еліміздің болашағы әрі қозғаушы күші болып саналатын жастарымызға ерекше мән бергенін айтуға болады.

Бүгінгі жас ұрпақтың әлеуеті зор екеніне ешкімнің таласы жоқ деп айта аламын. Тәуелсіз елімізде, озық ойлы, еркін сөйлей алатын, нақты пікірін жеткізетін жастардың легі қалыптасты десем қателеспеймін.

Халқымыз «Тәрбие табалдырықтан басталады» деп бекер айтпаған. Сондықтан да, ұлттың сапасын арттыратын келешек ұрпақ – ол Біз, Сіз тәрбиелеп отырған ұл-қызымыз. Президент айтқандай: «Жастарымыздың әлеуеті мен қарым-қабілетіне қарасақ, «Қазақстанның қарышты қадамын» жасауға біздің толық мүмкіндігіміз бар екені байқалады». Сондай-ақ бұл сөздің түп негізі Мемлекет басшысының ұсынған «Адал азамат» ұғымы Әділетті Қазақстан идеясымен үндесіп жатқанын байқауға болады.

Ел Президенті жиында елдің болашағы үшін «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар екенін айтып өтті. Президент жастарға қаратып: «Қазақстанның болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Көп ұзамай мемлекетті басқару ісі, яғни ел тізгіні бүгінгі жастардың қолына өтеді. Сіздер осы жауапкершілікті қазірден бастап сезінулеріңіз қажет. Өздеріңізге жүктелетін тарихи миссияны орындауға  қашанда дайын болуларыңыз керек», — деді. Біз үш ұғымды жастарымыздың бойында қалыптастыра алсақ, нағыз мемлекетшіл, отаншыл, ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеп шығарамыз деген сенімдемін.  Абай атамыз армандаған, аңсаған мұрат-мақсаттарының ең биік қол жетпес асқар шыңы – «Толық адам» сонда ғана қалыптасатыны белгілі.

Түйген ойым, қай салада болмасын адалдықты ту ететін тұлғалар қызмет ететін болса, еліміз қарыштап дамып, әлемде ойып алар орны бар елге айналамыз деген сенімдемін.

Имашев Қайрат Есенбекұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды