jasqazaq.kz

Жастар — ел ертеңі

29 наурыз 2018, 16:56

«Жас Отан» Жастар қанатының IV Съезі тың жаңалықтар мен заманауи трендтерге толы болды. Сондай ерекшеліктердің бірі ретінде Съездің VR, яғни виртуалды шынайылық форматында онлайн көрсетілуін атап өтуге болады. Соның нәтижесінде форум жұмысын қазақстандық жастар ғана емес, әлемнің барлық интернет қолданушысы 360 градуста көруге мүмкіндік алды.

Съезд жұмысы бүгін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің Конгресс-орталығында «Жаңа әлемге жол саламыз» атты Гала-форуммен жалғасты. Форумда «Жас Отан» Жастар қанатының алдағы бағыт-бағдарын айқындап берген жаңа құжат қабылданды. «Жаңа әлемге жол саламыз» атты бұл құжатта еліміздегі жастар саясатына тың серпін беретін игі бастамалар көрсетілген.
Іс-шараға қатысқан Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Елбасының құттықтау хатын оқып берді.

– Қазір бүкіл әлем ауқымды өзгерістерді бастан кешіруде. Төрткүл дүние Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басты. Біз ұзақмерзімді мақсаттарымызға қол жеткізу үшін осындай қарқынды өзгерістерді өз пайдамызға қарай сәтті жүзеге асыруымыз керек. Сол үшін біз Қазақстанда саяси, экономикалық, рухани және әлеуметтік жаңғыруларды қолға алдық. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаламда мен ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы және таяу жылдарда қолға алуды қажет ететін міндеттерге ерекше назар аудардым. Солардың қатарында латын әліпбиіне көшу, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы, үш тілде білім беру сияқты міндеттерді елдік мүдденің жаңа деңгейі деп атап өтер едім.

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауымда жаңа заман талаптарына бейімделу мен жетістіктерге жетудің жолдарын қарастырдым. Күні кешегі халыққа үндеуімде де өзімнің бес әлеуметтік бастамамды ұсынып, оны жүзеге асырудың тиімді тетіктеріне тоқталдым. Осының барлығында мен жастардың сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына ерекше көңіл бөліп, соған басымдық бердім. Өйткені, сендер еліміздің ертеңі ғана емес, мен айқындаған мақсаттарды жүзеге асыратын буынсыңдар, – делінген Елбасының құттықтау хатында.

Екі күнге созылған ауқымды іс-шараның мәнді де мазмұнды өткенін айтқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев елімізде қолға алынған игі бастамалар жас буынның жарқын болашағына бағытталғанын жеткізді.

– Біз осы Съезд арқылы жаңа әлемге ұмтылып, дамудың жаңа кезеңіне аяқ бастық. Мақсатымыз – анық, бағыт-бағдарымыз – айқын. Алдымызда Елбасы белгілеп берген абыройлы міндеттер тұр. Сол көздеген межеге қол жеткізу үшін жұдырықтай жұмылып жұмыс істейік! Біз берекелі тірліктің бастауы бірлікте ғана екенін батыл іс-әрекетімізбен дәлелдеуіміз керек. Осы жолда барша қазақстандық жастарға үлгі-өнеге көрсетуге тиіспіз!, – деді Мәулен Әшімбаев.
Гала-форум барысында әр салада белгілі бір биіктерді бағындырған, қоғамның дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан белсенді жас қазақстандықтар сөз алып, әріптестеріне жетістікке жетудің қыр-сырын айтып берді.

25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр