Жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

17 ақпан, 17:33

Премьер-Министр Олжас Бектенов Канвондода (Корея Республикасы) өткен IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Мемлекет басшысының атынан алғыс хаттар табыс етті.
Үкімет басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын оқып беріп, спортшыларды қол жеткізген нәтижелерімен құттықтады. Премьер-Министр бұл еліміздің жастар арасындағы қысқы Олимпиада ойындары тарихындағы алғашқы алтыны екенін атап өтті. Жалпы медаль саны бойынша Қазақстан әлемнің 78 елі арасында 20-шы орынды иеленді.
«Спорт – елдің мәртебесін биіктетіп, мемлекеттің қуаты мен өсіп келе жатқан әлеуетіне деген адамдардың сенімін нығайта түсетін маңызды фактор. Қазақстандықтар Сіздердің жеңістеріңізді мақтан тұтады. Өздеріңіз сияқты ерік-жігері мықты жас спортшылардың еліміздің болашағы екеніне кәміл сенемін. Жеңіс жолында қолдау көрсеткен тәлімгерлер мен жаттықтырушылар ерекше алғысқа лайық. Бүгінгі бағындырған биік белестер алдағы олимпиадалардағы жетістіктердің бастауы деуге болады», — деді Олжас Бектенов.
Шаңғымен тұғырдан секіру бойынша IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Илья Мизерных пен оның жаттықтырушысы Қайрат Биекеновке алғыс хаттар табыс етілді.

Сонымен қатар шайбалы хоккей бойынша қола жүлде олжалаған Арсений Кучковский, Никита Кулаков, Темірлан Айболұлы, Матвей Решетько, Расул Тұрсынов, Жаһангер Тілеухан, Таир Бигаринов, Егор Кравченко, Роман Мичуров, Әділхан Саттар, Әнуар Ахметжанов және команданы жаттықтырушы Рамазан Қайдаровтың да еңбектері аталып өтілді.


Ойындар жеңімпазы Илья Мизерных барлық спортшының атынан алғыс білдіріп, дайындық кезінде құраманың жаттықтырушылар қойған міндеттерді барлық күш-жігерін салып орындағанын айтты.
«Алтын медаль – менің ғана жеңісім емес, бұл бүкіл команда мен жаттықтырушылар құрамының жұмысының нәтижесі. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтауын естіп, төбем көкке жеткендей болды. Ол маған және басқа қазақстандық спортшыларға да жаңа жеңіс тіледі. Бұл бізді одан әрі шабыттандыра түседі. Шалғайда жүрсек те, біз үлкен қолдауды сезіндік, бұл –  біздің ортақ жеңісіміз! Алға, Қазақстан!», — деді ол.
JQ-Aqparat

Суреттер: Премьер-Министрдің баспасөз қызметі

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды