Суретте солдан оңға қарай: «Жас қазақ» газеті редакторының орынбасары Елдос Өмірзақұлы, Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Балтөре Прәлиев, «Жас қазақ» газетінің дизайнері Ғалия Қалиева, Наурызбай ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Сәлима Жақыпбаева, «Жас қазақ» газетінің журналисі Әбдіманап КЕҢЕС
Журналистер күніне орай Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімдігі Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері арасында боулингтен жарыс ұйымдастырды. Жалпы сегіз команда қатысқан бұл сайыста “Жас қазақ” командасы екінші орынды иемденді.
Сайысқа әрқайсысы 5 адамнан құралған 8 команда қатысты. Атап айтсақ “Қазақстан” телеарнасы, “Алматы” мен “КТК” телеарналары, “Жас қазақ”, “Айқын”, “Түркістан”, “Алматы ақшамы”, “Казахстанская правда” газеттері бар. Барлық команда сайысқа сақадай сай келгендігін көрсете алды. Тартысқа толы өткен бәсекеде “КТК” телеарнасы — бірінші орынды иеленді. Жарыс жеңімпаздарынан небәрі 4 ұпаймен артта қалған “Жас қазақ” газетінің журналистері екінші орынға жайғасты. Шеберліктерімен тәнті еткен “Алматы” телеарнасы үшінші орынды қанағат тұтты. Үздік нәтиже көрсеткен командаларға Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Балтөре Прәлиев аудан әкімі атынан мақтау қағазы мен сыйлық тарту етті.