jasqazaq.kz

Жантүршігерлік жол апаты: Алматыда екі автобус, төрт көлік апатқа ұшырады

11 маусым 2017, 13:14

Алматыда автобустардың қатысуымен жантүршігерлік жол апаты орын алды. Екі автобус пен төрт жеңіл көлік соқтығысып, нәтижесінде бірнеше адам зардап шекті деп хабарлайды Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Жол апаты Алтынсарин көшесінің бойында, Қуанышбаев пен Ұлықбек көшелерінің ортасында орын алған.

Куәгерлердің айтуынша, №124 автобустың тежегіші істемей қалуы мүмкін. Жүйткіп келе жатқан автобус BMW көлігіне келіп соғылып, көлік №63 автобусқа барып соғылған.

Ал №63 автобус жол жиегінде тұрған төрт көлікке барып соғылып, нәтижесінде BMW көлігіндегі үш адам зардап шекті.

Оларды шығару үшін құтқарушылар көлікті кесуге мәжбүр болды.

Аталған көліктегі жолаушыларды ауыр жағдайда ауруханаға алып кетті.

Сонымен бірге автобус жолаушысы да зардап шегіп, оған медициналық көмек көрсетілді.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда