Жансая Өмірбекова: Волонтерлікпен айналысуға ниет білдіргендер көбейіп келеді

27 ақпан, 9:57


Елімізде волонтер жастардың қатары жылдан жылға көбейіп келеді. Көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық танытып, қайырымдылық істерді жүзеге асырып жүрген белсенді жастарымыздың жұмысы қуантады. Алматыда осындай игі істерімен көзге түсіп жүрген «Клуб Добряков» еріктілер тобы жұмыс істейді. Jasqazaq.kz осы еріктілер тобының үйлестірушісі Жансая Өмірбековамен байланысқа шығып, ұйым жұмысымен танысты.

— Жансая Өмірбекқызы, «Клуб Добряков» волонтерлік қозғалысы қашан құрылды? Клубтың мақсаты мен жұмысы жайында айтып өтсеңіз?

— «Клуб Добряков» еріктілер тобын алғаш Астана қаласында Гүлмира Әбдірашева қалаған. 2015 жылы қыркүйек айында Алматы қаласы бойынша филиал ретінде, Мадина Мырзахметованың бастамасымен «Клуб добряков Алматы» жұмысын бастады. Сол уақыттан бері клуб белсенді түрде жұмыс атқаруда. Бүгінгі күні клубтың жүзеге асыратын 4 үлкен жобаны атап өтуге болады. Олар:


1. «Бес асыл» — жағдайы төмен отбасындағы балалардың біліміне және басқа да қызығушылық танытатын — спорт, музыка сияқты қосымша сабақ алуларына мүмкіндік беретін, талантты балаларға жол ашатын жоба;
2. «Ит пен мысық» — бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі үйсіз жануарларға қамқорлық жасауды көздейтін, соларға көмек беру мақсатында құрылған жоба;
3. «Эко добряк» — қоршаған ортаны қорғауға, сақтауға және жастарға осы істің маңыздылын жеткізуге бағытталған жоба;
4. «Қасиет» — жалғыз қалған қарттарға көңіл бөлу мақсатында құрылған жоба. Жоба шеңберінде апта сайын қарттарға ыстық тағам тарату қарастырылған.

— Клубта қанша волонтер бар, бүгінге дейін қандай акциялар өткіздіңіздер?

— Клубта 100-ден астам еркітінің басын қосып отыр. Тұрақты түрде 30 ең белсенді ерікті көмектеседі. Айта кететін жайт, барлық еріктілердің негізгі қызметтері бар. Олар бос уақыттарында волонтерлікпен айналысып, сол арқылы пайдасын келтіруге тырысады.


Клуб негізінде жалғыз басты аналарға, қарттарға, ерекше балаларды тәрбиелейтін жағдайы төмен отбасыларға, қарттар үйлеріне, жануарларға қамқорлық жасайды, Алматыдағы көптеген әлеуметтік орталықтармен тікелей жұмыс істейді. Жыл сайын тұрақты түрде төмендегідей акцияларды өткіземіз:
— Жылына 4-5 рет Алматы облысындағы ауылдарға азық-түлік қоржындарын таратамыз (әр акция 250-300 отбасын қамтиды);
— Қарттар үйлерінде, мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамында Наурыз, жаңа жыл, 9 мамырда, сондай-ақ қарттар күніне мерекелік концерт өткізіліп, сый-сияпат жасалады;


— Ұзынағаш, Жетіген, Өтеген батыр ауылдарындағы церебральдық сал ауруы орталықтарында балалар күніне, жаңа жылға, Наурызға, мүгедектер күніне орай мерекелік шаралар өткізіледі;
— Жағдайы төмен отбасыларынан 1000 баладан астам оқушыны мектепке дайындайды;
— «Аяз атаға хат» акциясы жыл сайын 200-250 баланы сыйлықпен қамтиды;
— «Бақытты ана — бақытты бала» деген атаумен жалғыз басты аналарға психо-эмоционалдық көмек көрсетуге арналған акция жүзеге асырылады. Акция барысында түрлі тренингтер өткізіледі;
— «Жылумен бөліс» акциясы қыс кезінде қаланың коммуналдық кызметіндегі жұмысшыларға ыстық шай мен тағам таратуға арналады;
— Рамазан айында Алматы қаласы мен Алматы облыстарында көлемді ауызашарлар ұйымдастырылады;
— Жаңа маманға баулу акциясы отбасыларға жаңа мамандықты меңгеруге көмектеседі. Акция барысында 10 шақты ана жаңа мамандықты иегеріп шығады. Алдағы уақытта осы акцияны ары қарай дамытуды жоспарлап отырмыз;
— «Жылулық сыйла» акциясы жағдайы төмен отбасыларды көмірмен қамтамасыз етеді.
— Экосенбіліктер өткізу акциясы бар.
Сонымен қатар, тұрақты түрде бізге көмектесушілердің арқасында мұқтаж отбасылар азық-түлік, киім-кешек және дәрі-дәрмекпен қамтылып отырады.
Ай сайын 10 отбасыға Алматы қаласындағы бір компания ақшалай көмек көрсетеді. Біздің тұрақты демеушілеріміз кейде отбасыларды техникамен қамтамасыз етіп отырады. Мысалы, бір дүкен жаңа жыл қарсаңында үш отбасына семьяны кір жуғыш машина және теледидар сыйлап қуантты.
Клуб өз жұмысы барысында жағдайы мүшкіл көптеген отбасылардың үйдеріне жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Жас өспірімдерді жаз айларында табиғатқа апарып, фермаларға экскурсиялар да өткізіп тұрамыз.

— Еліміздегі волонтерлік қозғалысқа қандай баға бересіз? Жастардың ерікті болуға деген көзқарасы қандай? Еріктілік кезінде өзіңізге ерекше әсер еткен оқиғалар болды ма?

— Клуб еріктісі қатарында жүргеніме биыл 7 жыл болады. Ерікті ретінде осы жылдар ішінде көптеген эмоциялар алдым, бір адамға болсын пайдалы болу, бақыт сыйлау мені қуантады. Ең есте қалатын жәйт — осыдан 4-5 жыл бұрын альпинист атаның үйінен командамызбен 3 Камаз қоқыс шығарғанымыз. Үйінде жүретін жер болмады, шыға берістегі төбеге дейін қоқыс үйіліпті. Сонын бәрін шығарып, тазалап, ремонт жасап, су жаңа, таза пәтер еткеніміз есімде. Негізінен әрбір дайындық, өткізілетін іс-шара әр-түрлі эмоцияларға толы. Командамыз өте тату, көңілді. Осы жылдар ішінде бір отбасындай араласып, көп достар таптық.

— Волонтерлікті әрі қарай дамыту үшін не істеуіміз керек деп ойлайсыз?

— Бастапқы жылмен салыстырғанда, қазір Алматы қаласында еріктілер ұйымдары көп ашылып, жұмысын жүргізіп жатқандары қуантады. Волонтерлікке ниет білдірген жастар да, жалпы көмектескісі келетін адамдар жыл сайын көбейіп келеді. Бірақ ерікті болу қазіргі замандағы ең қымбат ресурс — уақыт бөлуді талап етеді. Сондықтан кімнің де болса ерікті болуға саналы түрде келгенін қалар едік.

Волонтерліктің болашағы жарқын болуы, әрі қарай дамуы үшін мемлекеттен, компаниялардан, жеке кәсіпкерлерден қолдау керек. Мысалы, біздің әлі қоймамыз жоқ болғаны біраз қиындық тудырады. Болашақта отбасыларға жаңа мамандық беру арқылы жаңа табыс көзін ашуға көмектескіміз келеді. Осы бағытқа кәсіпкерлердің назары түссе, көптеген адамдарға көмегі тиер еді.

— Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Мақпал Махаметқызы

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды