jasqazaq.kz

Жандарбек Бұлғақов «Алтын домбыра» жүлдесіне ие болды (видео)

15 желтоқсан 2017, 14:13

Белгілі ақын Жандарбек Бұлғақов екінші мәрте «Алтын домбыра» жүлдесіне ие болды.

Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасына жазды.

«Жыл сайын өтетін «алтын домбыра» айтысына қатыспағаныма 3-4 жылдың жүзі болып қалыпты. Əр түрлі жағдайларға байланысты аламан айтыстан шеттетіліп қалсам да, биылғы жылдың қорытынды айтысы «Алтын домбыраға» Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзі қосып, арнайы қабылдауына шақырып, айтыс алдында ақ батасын берді.

Халықпен қайта қауышуымызға мүмкіндік туғызған ағамызға алғысым шексіз. Ақтөбелік жанкүйерлерімді ертең жаңа ашылған «Өнер» орталығында күтемін. Қай жерде айтыссүйер халық жиналса, сол жерде жүру керекпіз деп ойлаймын! Сенімдеріңізді ақтау біздерге міндет, жанкүйер болу сіздерге міндет!», — деп жазды ол.

Еске салсақ, алғаш рет ол «Алтын домбыра» жүлдесіне 2013 жылы иеленген еді.

Ал бұл жолы ол жүлдеге қоса 3 млн теңгелік қаржылай сыйақы да алды.

 

NUR.KZ

Бүгін, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
Бүгін, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды