Танымал әнші, актриса, тележүргізуші Жанар Айжанова өзінен аумайтын адамның суретін көрсетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ол суретті Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. «Егізбіз десем сене ме екен. Арамыз екі жас, Әлия ит көйлекті менен бұрын тоздырған. Бояуы маған қарағанда ашықтау. Анда-санда домбырада және жездеміздің нервісінде ойнап қояды», — деп жазған Жанар Айжанова. Instagram қолданушылары да екеуінің бір-біріне қатты ұқсайтынын айтып, пікірлер қалдырып жатыр: «Осындайда ұқсастық болады екен ғой», «Аллаһ сақтасын, аумайсыңдарғой бір біріңізден…вот это геееныыыы….егізсіз», «Причёска жəне макияжды бірдей істесе,бір адамдай болады екенсіңдер!».