Жаңа Премьер-Министр. Басқарудың жаңа кезеңі

06 ақпан, 17:27

Жаңа кезеңдегі жаңа ахуал басқарудың тың тәсілдерін талап етеді. Олжас Бектеновтің Премьер-Министр болып тағайындалуының негізгі себебі осы болса керек. Мемлекет басшысы да бұл орайда Үкіметтің жұмысына серпін беру қажеттігін айрықша атап өтті. Демек, атқарушы билік ең алдымен отандық өндірістің көкжиегін кеңейтуге көбірек күш салуы тиіс. Бұл өз кезегінде экономиканы өркендетіп қана қоймай, бірқатар әлеуметтік түйткілдердің оң шешім табуына септігін тигізеді. Атап айтқанда, жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың күнкөрісі жақсарады. Сондай-ақ, отандық өнімнің үлесі көбейеді, шикізатқа телміруден арыламыз. Импорттық тауарға тәуелділік азайып, инфляция ауыздықталады.

Жаңа кезең кез келген елдің атқарушы билігінен нақты іс пен тиімді нәтижені күтеді. Құрғақ уәде, беталды бөспелік (популизм) емес. Олжас Бектенов Премьер-Министр ретінде нақ осы отандық бизнесті дамытуға күш салатынын мәлімдеді. Бұған қоса, ауыр өнеркәсіпке, жаңа технологияларға, соның ішінде, жасанды интелектке мән беретінін жеткізді. Шығынды азайтып, үнемделген қаржыны инфрақұрылымға жұмсамақшы.

Қаржы демекші, ұстағанның қолында, тістегеннің ауызында кеткен заңсыз активтерді қайтару, қазынадан бөлінетін қыруар ақшаның орынды жұмсалуын қадағалау да бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Бұл ретте Олжас Бектеновтің жемқорлықпен күресте мол тәжірибесі бар талапшыл тұлға екенін атап өткен жөн. Тек бұл ғана емес, жалпы ел Үкіметі алдында тұрған күрделі де көкейкесті міндеттерді жетік біледі. Біліп қана қоймай, оларды шешуге күш-жігерін, қарым-қабылетін жұмсауға дайын.

Срайыл Смайыл

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды