jasqazaq.kz

«Жанұя» кешеніндегі мереке

17 мамыр 2017, 15:07

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қашанда келешек жастарға білім мен қатар ғылымға және қоғамдық жұмыстарға баулуда ерекше мән беріп, бүгінгі таңда түрлі бағытта атқарылып жатқан сан алуан шаралар соның дәлелі екенін айта кету керек.

Университет студенттерінің келешекте білімді де білікті маман болып қана қоймай, саналы азаматтар қатарын толықтыру бүгінгі талаптардың бірі екені рас. Осыған орай мемлекетіміздің талабы бойынша түрлі бағыттағы үйірме, клубтар жұмыс атқарып жатыр.

Осы орайда университетіміздің филология және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасындасан алуан үйірмелер мен клубтар студенттердің басшылығымен түрлі жұмыстар атқаруда. Солардың бірі, «Мұрагерлер» еріктілер қозғалысының 3-4 жылда атқарған қаншама қайырымдылық шаралары мен жұмыстары еліміздің түрлі айтулы мерекелері қарсаңында өткізіліп жатыр. Бүгінгі күні Алматы қалалық мамандандырылған «Жанұя» кешенінде тәрбиеленіп жатқан мүмкіндігі шектеулі балалармен бірге мереке күндері ғана емес, жәй күндердің өзінде, мысалы сенбілік өткізіп, балалармен демалыс күндері бірге серуендеп, бірге түрлі ойындар ойнап, мүмкіндігінше бір сәт болса да қуаныш сыйлауға тырысуда. Осындай кездесулер алдын ала жоспарланып, кафедра басшылары мен жетекшілері кешеннің директоры және директор орынбасарларымен  кеңесіп қайтты.

Желтоқсан айындағы мерекелер қарсаңында Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының жанынан құрылған «Мұрагерлер» еріктілер қозғалысының жетекшілері: проф. Г.Б. Мадиева, доц. П.Т. Медетбекова, аға оқыт. Н.А. Исмайлова «Жанұя» кешенінің директоры Л.А. Кулсарина мен оқу тәрбие жөніндегі директор орынбасары Б.С. Садуовамен кездесіп, өткізілген жұмыстарын талқылай келе, алдағы өткізетін шаралардың барысымен кеңесті. Балаларға қажетті азын-аулақ сыйлықтарын табыстап, студенттер мен балалардың арасындағы қарым-қатынастың дұрыс бағытта орын алуына, қажетті атқарылатын жұмыстары жайында өтті.

Кешен директоры Л.А. Кулсарина осы жылдар аралығында еріктілердің (университет студенттерінің) атқарған жұмыстарына ризашылығын білдіріп, студент-жастардың түрлі бағыттағы жұмыстарын атай отырып, өнерлеріне, балалармен өткізген жұмыстарына тәнті екенін ерекше атап өтті.

«Тұңғыш Президент» күні, «Тәуелсіздік күні» және «Жаңа жылдық» мерекелерде денсаулығы шектеулі балаларды құттықтау, бірге осы аталған мерекелерді өткізудің маңыздылығы жайында сөз қозғады. Сондай-ақ, қысқы демалыс барысы да назардан тыс қалмады.

Кешен басшыларына біздің университет студенттерінің балалармен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлесіп, түрлі ойын ойнатып, бірге көңіл-көтеру денсаулықтары шектеулі балалар үшін аса қажет екенін айтып, мұндай атқарылып жүрген жұмыстардың жалғасын тауып, мүмкіндігінше назардан тыс қалмауын сұрады.

Сонымен қатар университет оқытушылары, «Мұрагерлер» еріктілер қозғалысының жетекшілері балалар үйін аралап, танысып шықты.

Алдағы уақытта университет студенттерінің тек бос уақытында ғана емес, «оқу практикасы», «педагогикалық практикада» балалар үйінде өткізудің тиімділігі қарастырылу да жоспарланбақ.

 

Әл-Фараби ат.ҚазҰУ, филология және әлем тілдері факультетінің

жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының

проф. Г.Б. Мадиева,

доцент П.Т. Медетбекова,

аға оқыт. Н.А. Исмайлова

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда