jasqazaq.kz

Жан Ахмадиев 17 жастағы қызды тоқалдыққа алмақшы

10 тамыз 2017, 12:36

Заманауи жырау атанған Жан Ахмадиев жас тоқал алғалы отыр,-деп жазды Stan.kz.

Бұл туралы рэпердің өзі хабарлады. Айтуынша қазір тойға дайындық жүріп жатыр. Жан Ахмадиевтің үш баласы бар. Біріншісінен яғни азаматтық некедегі әйелінен 9 жастағы бір ұл, заңды некедегі әйелінен екі қыз тәрбиелеп отыр.

«Қазір тойға дайындалып жатырмыз. Айжан күзде 18-ге толады. Сол кезде бірден үйленеміз деп отырмыз. Индира яғни әйелім барлық жағдайды біледі. Келісімін алғанмын. Тіпті Айжан екеуімен бір шаңырақ астында тұрсақ деген де ойымыз болған. Бірақ, екі әйелім екі үйде тұратын болды. Мен сол екі үйдің ортасында жүремін»,-дейді рэпер.

17 жастағы Жан Ахмадиевтің сүйіктісі Шымкенттің қызы. Тура қазір облыстық колледждердің бірінде оқиды.

«Бұйыртса Айжанға өзім продюсер боламын. Ол әнші болуды армандап жүр. Арманына жеткіземін деп ойлаймын. Алдағы уақытта халық оның өнерін көріп, өз бағасын бережатар»,-дейді Жан Ахмадиев.

Заманауи жыраудың өзі отызға енді толды. Ал екі қыз тауып берген келіншегі 26 жаста. Оның тоқал алуына махаббат пен «балаларым көп болса» деген арманы себеп болыпты.

«Әкем кезінде әкім болды. Маған үш үй алып берді. Сондықтан екі әйелді бағуға толықтай шамам жетеді. Қыздар менің талаптарыма келісіп отыр, жағдайым бар. Сондықтан қазақтың санын көбейтудің айыбы жоқ деп білемін»,-деп толықтырды .

Рэпер мен болашақ әншінің туыстары танысып, тойға келісіп те қойған көрінеді. Сондықтан қазір Ахмадиев мырза салтанатты кешті ұйымдастыру шараларына кірісіп кеткен. Неке тойын Алматының төрінде дүркіретіп атап өтеміз деген ол, ақ көйлек кию Айжанның арманы екенін де тілге тиек етті.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда