jasqazaq.kz

Жамбылдық шенділер 43 оқушының сәбилі болғанын айтып, дабыл қақты

28 қыркүйек 2017, 12:53

Жамбыл облысында биыл кәмілет жасына толмаған 43 оқушы ана атанған. Жастары 18-ге толмай жатып балалы болғандардың ең жасы 15-ке енді толады. Бұл туралы Жамбыл облысы прокурорының орынбасары Айдос Майлыбаев айтып берді.

«43 оқушы қыздың барлығы биыл босанды. Олардың тізімі полицияға жолданып, арнайы органдар жұмыс жасап жатыр. Ана атанған қыздар оқуларын тастаған жоқ. Басым көпшілігі колледже және мектепте білімдерін жалғастыруда. Балаларының да, өздерінің де денсаулықтары жақсы, деп хабарлайды NUR.KZ.

Сондай-ақ сегіз оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 122 бабымен (кәмілет жасына толмаған жеткіншекпен төсек қатынасында болу) қылмыстық іс қозғалып, қылмыскерлер сотталды»,- деді Айдос Майлыбаев.

Сотталған педофилдердің 88 пайызы жеткіншектің туысы.

«Биыл Жамбыл облысында 19 педофил түрмеге тоғытылды. Солардың үшеуі — туған әкелері болса, біреуі — өгей әке, тағы үшеуі — немере ағалары, алтауы — көршілері және таныстары, тек 2 педофил ғана қылмысқа дейін өздерінің құрбандарын танымаған.

Азғындар арам ойын іске асырған жеткіншектердің ең кішісі — бес жаста. Сондай-ақ төрт ұл бала да зорлыққа тап болды», — дейді прокурор орынбасары.

Қазір еліміздің Бас прокуратурасының «Балаларды бірге қорғайық!» атты бағдарламасы аясында прокурорлар түрлі шаралар өткізіп жатқанын мәлімдеді. Тіпті, олар жергілікті имамдармен бірге оқушыларға мешітте неке қидырудың заңға қайшы екенін де түсіндіріп жатыр.

Сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен 300-ден аса мектепке бейне бақылау қондырғылары орнатылған.

Нәтижесінде сегіз айдың қортындысымен жасөспірімдермен жасалынған қылмыстар саны 11 пайызға азайса, оларға қарсы жасалынған жалпы қылмыстар саны 39 пайызға төмендепті.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда