jasqazaq.kz

«Жамбыл. Жаңа дәуір» көркем фильмі экранға жол тартты

12 маусым 2024, 17:37

Бас шаһар төрінде тұлға туралы тағы бір тамаша туындының тұсауы кесілді. Атауы айтып тұрғандай, жыр алыбы жайындағы жаңа фильм ақын ғұмырының соңғы 9 жылынан сыр шертеді.
Себебі бұл кезеңде Жамбыл Жабаев есімі бүкіл кеңес одағына дүркірей танылған болатын. Десе де ақын өмірінің кейбір тұстары әлі күнге дейін беймәлімдеу болып келгені және рас. Міне, жаңа туынды дәл осы олқылықтардың орнын толтыруға күш салыпты. Соның бір мысалы, Жамбыл Жабаев тоқсанға келгенде Қазақстан өнерпаздарының екінші слетіне қатысып, ақындар арасында бас жүлде алады. Оның Сұраншы батыр туралы дастанын Қалмақан Әбдіқадыров қолма-қол жазып алып, газетке басады. Осы оқиғадан соң кеңес идеологтері Жамбылдың абыройы мен танымалдылығын пайдалануға кіріседі. Жамбыл тұлғасымен толықтай айналыса бастайды. Оның көптеген өлеңін кеңес саясатына теліп бұрмалайды. Алайда Жамбыл бұған дейін де қазақ арасында зор абырой мен кең танымалдылыққа ие болатын.
Тарихи байопик Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қол­дауымен түсірілген. Сценарист әрі қоюшы-режиссер – Жандос Құсайынов. Оның айтуынша, туындыға кіріспес бұрын архивтер ақтарылған. Ол үшін тіпті Мәскеудегі мұрағаттар зерттелген. Себебі картинаны бастаған бойда бар жауапкершілік те, мақсат та – өмір жолы қайшылыққа толы тұлғаның болмысын барынша ашу болған.
«Жамбыл атамыз туралы көптеген кітап жазылған, фильм түсіріл­ген. Бірақ ол кездегі шығармалардың көпшілігі ұлттық қажеттілігімізді немесе тарихи шындықтан гөрі сол кездегі жүйенің қа­жеттілігін қанағаттандырудан әрі аса алмады ғой. Сондықтан қазіргі жастар сол кездегі әлеуметтік жағдайды білу үшін һәм кейбір тарихи мәселелерге, тұлғаларға әділ баға беру үшін осындай фильмдерді көруі керек деп есептеймін», деп атап өтті Жандос Құсайынов.
Фильм режиссерінің сөзінше, Жамбыл Жабаев есіміне байланысты айтылатын, шындыққа сәйкес келе бермейтін неше түрлі аңыз оқиғалар, әңгімелер көбейіп кеткеніне қынжылыс айтулы картинаның өмірге келуіне бірден-бір себеп болған екен.
Фильмде басты рөлді Қазақстанның халық әртісі Досжан Жанботаев, Жамбылдың жастық шағын Астана қаласы Жастар театрының талантты актері Асылбек Әйтіш сомдады. Сонымен қатар Алмас Шаяхметов, Сырым Қашқабаев, Анна Старченко, Асан Мәжит, Ерік Жолжақсынов, Фархад Махмудов, Филипп Волошин сияқты танымал актер­лер өнері де жаңа туындының көр­кемдік һәм мазмұндық сапасына сәтті қызмет еткен.

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?