jasqazaq.kz

Жамбыл облысының тұрғыны екі көршісін атып тастады

22 қыркүйек 2017, 14:11

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Ұланбел ауылының 40 жастағы тұрғыны мас күйінде аңшы мылтығымен екі көршісін атып салған. Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлады.

Сағат 19.10-да ауыл инспекторы араққа тойып алған ер адамның аңшы мылтығымен 49 және 44 жастағы екі тұрғынды атып өлтіргенін хабарлайды. Сондай-ақ 16 жастағы тағы бір бала жараланған. Оны дереу ауруханаға жеткізген.

Оқиға орынына аудандық полиция бөлімінің басшысының міндетін атқарушы подполковник Мақсат Жаманқұлов бастаған топ жетеді. Осыдан соң Әбдуқадыров көшесіндегі №16 үйдің жанында күдікті қолға түсірілген.

“Полиция көлігін көрген соң қылмыскер оған қарсы ата бастады. Оның қаруын қайта қуаттап, кезекті атысын жасауға мүмкіндік бермеу үшін көлік рөлінде келе жатқан полиция подполковнигі Мақсат Жаманқұлов көлікті әлгі ер адамға қарсы бұрады. Соққыдан қылмыскер қаруын түсіріп алып, жасырынуға тырысты, бірақ полицейлер оны ұстап үлгерді”, – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта сот алды тексеру жұмыстары басталып, қылмысқа баруының себептері анықталуда.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда