jasqazaq.kz

Жамбыл облысында жолдар ақылы болады

08 маусым 2017, 19:37

2018 жылы Жамбыл облысында жолдарға ақы төлеу жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл жайлы ақпарат аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаевтың қатысуымен өткен жиында айтылды.

«ҚазАвтоЖол» АҚ ҰК Жамбыл облысындағы бөлімшесінің басшысы Дәурен Тоқтаровтың айтуынша, Жамбыл ауданы бойынша Батыс Еуропа — Батыс Қытай трассаларына ақылы жүру жүйесі енгізіледі. Қазіргі уақытта Жамбыл облысынан Алматыға баратын жолдағы Тараз-Қайнар автожолында төлем қабылдауды қамтамасыз ететін кешен құрылысы басталды. Жеңіл автокөліктер үшін жол жүру ақысы километріне 1 теңгені құраса, жүк машиналары мен автобустар үшін — километріне 15 теңге болады деп күтілуде. Демек, Тараздан Қордайға жету үшін жеңіл көлік жүргізушісі мөлшермен 350 теңге, ал ауыр көлік жүргізушілері — 5 250 теңге төлейді.

ҚазАқпарат

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда