jasqazaq.kz

Жамбыл облысында жүргізушілерден ақша бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды

28 маусым 2017, 11:59

Жамбыл облысы аумағында бір мезетте жүргізілген арнайы операция барысында қылмыс әлемін қаржыландырумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесі ұсталды. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев Фейсбуктегі парақшасында жазды.

Оның атап өтуінше, қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы халықаралық бағыттағы қатынайтын көліктердің жүргізушілерінен тұрақты түрде ақша жинап, оны «ұрылардың ортақ қазынасын» толықтыруға жіберіп отырған. «Қылмыстық жолмен табылған ақша мұнан ары бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан қылмыс әлемі өкілдеріне жіберілген. Ұйымдасқан қылмыстық топтың жылдық айналымы 10 млн теңгеден асып жығылады. Ұсталғандардан ақша, жүргізушілерден жиналған ақша жазбалары бар күнделік, сонымен қатар құқыққа қайшы әрекеттерін көрсететін заттай өзге де айғақтар алынды. Қазіргі уақытта ұсталғандар қылмыстарын мойындап куәлік беруде», — деді Алмас Садубаев.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда