jasqazaq.kz

Жамбыл облысында үшем дүниеге келді

15 желтоқсан 2017, 16:25


Жамбыл облысында жыл басынан бері төртінші рет үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, Магруф, Максум және Мансур есімді үшем 13 қарашада туған. Балалар уақытынан сәл ертерек дүние есігін ашты. «Алғашқы үш күнде сәбилер интенсивті терапияны қажет етті. Сосын олар аналарымен бірге жаңа туған нәрестелердің патологиясы бөліміне ауыстырылды. Қазір сәбилер мен оның анасы өздерін жақсы сезінеді, олар үйлеріне шығарылмақ», — деді облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Айгүл Айтбаева.

Бөбектердің анасы Аян Біләлова жұбайымен бірге Байзақ ауданында тұрады. «Біз осы қуанышты 7 жыл бойы күттік. УДЗ-ден үшем туралы естіген кезде қатты қуандық. Осындағы дәрігерлерге алғысым шексіз. Егіз ұлдардың екеуі бір-біріне қатты ұқсай, ал үшіншісі мүлдем ұқсамайды», — дейді бақытты ана. Еске сала кетейік, жыл басынан бері өңірде 3 рет үшем өмірген келді. Осыдан бір ай бұрын ғана Байзақ ауданында Егізғараевтар отбасында тағы үшем дүниеге келген еді. Облыстық перинаталдық орталығында 2 қыз, 1 ұл ота арқылы туылған.

Бүгін, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
Бүгін, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды