jasqazaq.kz

Жамбыл облысында «әріптестерін пышақтаған» полицей ұсталды

19 тамыз 2017, 16:37

Әріптестерін пышақтап, артынан іздеу жарияланған Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті терроризмге қарсы іс-қимыл департаментінің бұрынғы бастығы «Мұрат Үмбетәлиевтің ұсталғанын» Азаттыққа тамыздың 19-ы күні осы облыстың ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметі жазбаша таратқан хабарламада «Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің шұғыл әрекет қызметтері Мұрат Үмбетәлиевті ұстады, қазір ол бұлтартпау шарасын анықтау үшін бас прокуратураның арнайы тобына тапсырылды» деп жазылған.

10 тамыз күні түнде «Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті терроризмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Мұрат Үмбетәлиев департаменттің криминалдық полиция басқармасының бастығы Ерлан Бектұрғанов пен бұрынғы полиция қызметкері Жетпісбаевқа пышақ салып, жарақаттағаны» хабарланған.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, «полицейлер бірігіп ішімдік ішкен соң кикілжіңге келіп, соңы жанжалға ұласқан. Екі полицей пышақтан жарақат алған». Оқиғадан соң «кісі өлтіруге оқталу» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, Бектұрғанов қамауға алынған, Үмбетәлиевке іздеу жарияланған.

Азаттық тілшісі 15 тамыз күні Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтан оқиғаға қатысты комментарий беруді сұраған еді.

Министр полиция басшыларының бір-бірін пышақтағанына қатысты журналистерге комментарий беруден бас тартқан болатын. Үкімет отырысына келген ол журналистерге «ресми сауалнама жолдаңыздар» деп қана жауап беріп, комментарий берместен кетіп қалған.

Nur.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда