jasqazaq.kz

Жамбыл облысында мектеп әкімшілігі оқушыға түсік жасатқан (Видео)

22 қараша 2023, 14:56

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында 13 жасар оқушыға түсік жасалған. Алайда, бұл туралы оқушының ата-анасы хабарсыз. Себебі оқиға мектеп-интернатта болған. Ал мектеп әкімшілігі оқушыны Қаратау қаласына апарып, түсікті жеке гинекологқа жасатқан.

Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің берген мәліметтеріне сүйенсек, биыл мамыр айында полицияға 13 жасар қыздың анасы арызданған. Ол 55 жастағы ер адамның оның кәмелетке толмаған қызымен жыныстық қатынасқа түскені туралы айтқан.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 120-бөлімінің 4-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Айыпталушының зорлау жасағаны дәлелденді, оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қараша айында қылмыстық іс сотқа жолданды. Мектеп басшылығына қатысты ҚР ҚК 434-бабы, қылмыс туралы хабарламағаны үшін қылмыстық іс тіркелді. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан релизінде.
Анасының айтуынша, ер адам оқушы қызға телефон сыйлап, онымен жыныстық қатынасқа түскен. Ақырында ол жүкті болып, қыз анасына шындықты айтып беруге бел буады. Бірақ ер адам, жоғары лауазымда таныстары барын айтып, қауіп төндірген.
«Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондықтан ол аяқталғанша ештеңе айта алмаймын. Күдікті «Айгөлек» мемлекеттік балабақшасында күзетші болып жұмыс істеген», – деді Жамбыл облысы Сарысу ауданы білім бөлімінің басшысы Ілияс Баймағамбетов.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Астана ВКурсе (@vkurse_astana)

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?