jasqazaq.kz

Жамбыл облысында қант қызылшасы далада қалуы мүмкін

11 қазан 2024, 9:38

Жамбылда қант қызылшасын еккен диқандар жиналған өнім далада қала ма деп дабыл қағып отыр. Өйткені биыл өнім мол болғанымен, оны сату қиын. Шаруалар Меркідегі қант зауытының алдында төрт күннен бері түнеп жүр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Жамбыл облысындағы жалғыз жұмыс істеп тұрған зауыт алдындағы қарбалас. Тәтті түбір тиелген жүк көліктерінің жүргізушілері ұзын-сонар кезек күтіп, төрт күннен бері тапжылмай отыр. Шаруалар қант қызылшасын қабылдау осы қарқынмен жалғаса берсе, ала жаздай еткен еңбегі еш кетіп, өнім далада қалуы мүмкін дейді.

Жамбыл облысында биыл қант қызылшасын егуде рекорд жаңартылған. Өнім 600 мың тоннадан асады — жылдағыдан үш есе көп. Алайда аймақтағы екі зауыттың біреуі ғана жұмыс істеп тұр, шаруалар тек бір зауытқа үміт артып отыр.

Нұрдәулет Ахметов: — Күніге кезек, келесің, үш күндеп, төрт күндеп жатасың. Мына жақта жейтін тамағың, шығының бар. Жан-жаққа жіберіп, мынандай кезек қылмай, ертерек бітірген дұрыс қой. Мынау қарқынмен тұра беретін болса, наурызға дейін барады.

Қант зауытының өндіру қуаты жылына 350 мың тонна. Биыл өнім көлеміне сай, жоспарды 450 мың тоннаға ұлғайтпақ. Бұған дейін күніне үш жарым мың тонна қабылдап келсе, кезек көбейгеніне байланысты бес мыңнан асырған. Бір айдан бері 115  мың тонна қабылдаған. Ал екі аусымдағы жұмысқа көшкісі келмейді. Зауыт басшылары көрпеге қарап көсілмесе, шығынға бату қаупі барын айтады.

Нұржан  Қарғабаев, «Меркі қант зауыты» ЖШС бас директоры: — Жамбыл облысында екі қант зауыты бар. Зауытты қосу керек. Үлгермей жатырмыз. Бұрын қарашаның аяғында тоқтатушы едік. Енді желтоқсан айына кетіп қалайын деп тұр. Облыста 150 ауыл шаруашылық қожалықтарымен келісімшартқа отырдық, солар тасып жатыр.

Өңірдегі екінші зауыт қант құрағын ғана өңдейтіндіктен, қызылшаны қабылдамайды. Ал аймақтағы өнім қабылдау мәселесіне қатысты республикалық комиссия құрылды. Үкімет жанындағы жұмыс тобы диқандар жинаған дақылды далада қалдырмаудың қамына кіріскен. Ал әкімдік қалған қызылшаны қысқа қалдырмай, Қырғызстанға жіберу жолын қарастырып жатырмыз деді.

JQ-Aqparat

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда