jasqazaq.kz

Жамбыл облысында алаяқ әйел тұрғындардың атына жүз шақты несие рәсімдеген

25 қыркүйек 2017, 11:49

Жамбыл облысында алаяқ әйел тұрғындардың 30 млн теңгесін қалтасына басқан. Микрокредиттік ұйымда несие сарапшысы болып қызмет еткен әйел жүз шақты адамды өздерінің атына басқа біреудің несиесін рәсімдеуге көндірген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы Шу аудандық соты әйелді алаяқтық жасағаны үшін, яғни аса ірі көлемде бөгде адамның мүлкін ұрлау немесе басқа адамның мүлкін алдап өзінің атына аударып алу бойынша кінәлі деп тапты.

Алаяқ 2010 жылдан бастап қызмет бабын асыра пайдаланып, қарыз алушылардың сеніміне кіріп, оларды несие алуға үгіттеп отырған. Ол адамдарды несиені түгел өзі жабатына сендірген. 2010 жылдан бастап қаскүнем әйел адамдарды алдап 97 несие бойынша 30 миллион теңге алған.

Сот алаяқ әйелге зардап шеккендердің шығынын қайтарып (29 324 059 теңге), мүлкін тәркілей отырып, екі жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Соттың үкімі заңды күшіне енбеді.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда