Жамбыл облысы: 3 күн ішінде 37 жол-көлік оқиғасы тіркелді (Видео)

18 қантар, 10:24

Жамбыл облысында ауа райы нашарлап, қар түріндегі жауын-шашын, жолдың тайғақ болуы, көріну қашықтығының шектелуі байқалуда. Polisia.kz хабарлағандай, қазіргі уақытта көліктің барлық түрі үшін барлық бағыттағы автомобиль жолы ашық. 280-нен астам полиция қызметкері бекітілген учаскелерде тәулік бойы патрульдеу жұмыстарын жүзеге асыруда. 16 қаңтарда өңір аумағындағы автожолдардың 3 учаскесінде жүк көліктері үшін қозғалыс шектелді, 300-ден астам жүк көлігі тоқтатылды. Полиция қызметкерлері қар құрсауынан 10 жүк көлігін шығарды. Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин жолдағы жағдайды жеке өзі бақылап, рейдтік іс-шараларға шығып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізді.
– Мені жүргізушілердің жолда полиция қызметкерлерін көріп тұрса да жол ережесін бұзатындығы таң қалдырады. Өкінішке орай, олар бұл іс-шаралардың барлығы адам өмірін сақтап қалу үшін жасалып жатқанын түсінгісі келмейді. Үш күн бойы қалың жауған қар, ауа райының қолайсыздығы, көктайғақ және жолдардың нашар көрінуі салдарынан Жамбыл облысының аумағында 37 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 4 адам қаза тауып, 12 адам түрлі жарақат алды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері тәулік бойы қызмет атқарып, азаматтардың тыныштығын қорғап, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қадағалауды жүзеге асыруда. Жыл басынан бері қыс мезгілінде автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз жағдайда ұстағаны үшін 8 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, – деді Жамбыл облысының ПД бастығы Арманбек Баймурзин.

Жамбыл облысының полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол ережелерін мүлтіксіз сақтау, жолда өте мұқият болу қажеттігін ескертеді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
Бүгін, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу