jasqazaq.kz

Жалған жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, декреттік төлем алу харам ба? Нұрлан имам жауап берді (Видео)

24 қантар 2024, 11:28

Соңғы кездері жүктілігін білген сәттен бастап декреттік төлемді көп алу үшін өзін жалған жеке кәсіпкер ретінде тіркеп, ай сайын ақша төлеп отырған әйел көбейді. Дінде бұл қаншалық дұрыс? Бұл сұраққа Нұрлан имам жауап берді.
Имамның айтуынша, өзін жалған жеке кәсіпкер ретінде тіркеп, декреттік төлем алу — адал емес. Имамның жауабы бар видео «Халал даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің Желідегі парақшасында жарияланды.
«Мемлекетті алдау халықты алдау болып есептелінеді. Өзгелер алдаса, алдай берсін. Басқалар адасса да, сен адаспа. Мұнда мемлекет деген президент емес, ол халық, сіз бен біз. Жалған жеке кәсіпкерлік арқылы декреттік төлем алу елді алдаумен тең болады. Алдап, арбап алған дүние сіздің абыройыңыз бен қажеттіліктеріңізді жаба алмайды. Мемлекет берген адал ақшаны алыңыз, оған таласым жоқ, ол өкіметтің сізге және балаңызға деп берген жәрдемі, бірақ оны алдап алғаннан береке таппайсыздар. Мемлекет менікі және сіздікі, сондықтан алдаудың керегі жоқ. Ал алдағандар өз істеріне әлі жауап береді», — дейді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от “QMDB HALAL” (@halaldamu.kz)

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?