jasqazaq.kz

Жалған жарнама, жалған заңгер: павлодарлық тұрғын 13 млн теңгесінен айырылды

02 ақпан 2024, 12:51

Павлодарлық тұрғын жалған жарнама мен жалған заңгерге алданып, 13 млн теңгесінен айырылып қалды. Polisia.kz хабарлағандай, Павлодар қаласының тұрғыны полицияға 2023 жылдың қараша айында үйде отырып, әлеуметтік желіде ҚазМұнайГаздағы инвестициялар туралы хабарландыруды көргенін айтты.
– Бұл жарнама мені қызықтырды, содан кейін мен аталған сілтеме бойынша өтіп, өзімнің сауалнамалық деректерімді тіркедім және банк картасын ұсынып, пайданы ұлғайту үшін шамамен 6 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат салдым. Содан кейін мен акцияларды алғаным туралы қолхат жаздым және ешкімге шағымым болмады. Бірақ біраз уақыттан кейін менімен байланыста болған адам жауап беруді тоқтатты, – дейді жәбірленуші. Әрі қарай, ақшаны қайтаруға тырысып, ол алаяқтыққа қатысы бар сайтты зерттей бастады. Ақшаны қайтару үшін әйел оған көмектесуге келіскен адвокатқа жүгінді. Бір сағаттан кейін “заңгер” алаяқтарды тапқанын хабарлады, бірақ ақшаны қайтару үшін ол қызмет үшін мемлекеттік бажды төлеуі керек. Әйел жалған заңгердің шарттарына келісе отырып, әлеуметтік желі арқылы өзінің дербес деректерін ұсынған және бір ай ішінде “заңгерге” 7 млн теңгеден астам ақша аударған. Осыдан кейін” заңгер” жоғалып кетті.
– Полиция осы алаяқтыққа қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған іс-шаралар өткізіп жатыр. Тек қаңтар айында Павлодар облысының аумағында алаяқтықтың 108 фактісі тіркелген. Полиция еске салады, алаяқтар жарнамаларды тарататын және тұрғындарды ірі жобаларға ақша салуға шақыратын арнайы сайттар, қосымшалар мен әлеуметтік медиа беттерін жасайды. Сендіру үшін олар танымал компаниялар мен банктердің, жаңалықтар порталдарының логотиптерін пайдаланады, сонымен қатар белгілі тұлғаларды мүше ретінде атайды. Бірақ мұндай жарнамалардың барлығы шындыққа жанаспайды және интернеттегі алаяқтық белгілері бар. Сақ болыңыздар, – деп ескертеді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?