jasqazaq.kz

Жалған Дипломмен — Ауылға. Мемлекетке келген шығын -30 миллион теңге

27 қараша 2023, 12:18

Ақмола облысы прокуратурасы жалған дипломдарды пайдалану фактісін анықтады. 2009 жылдан бастап бүкіл ел бойынша «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы іске асып келеді. Кейінгі жылдары еліміздің ауылдарында кадрлар тапшылығы едәуір теңестірілді. Алайда «мамандар» деген атпен жекелеген адамдар жеңілдікті шарттарды пайдалана отырып, бюджет қаражаты есебінен заңсыз байып отыр.

Облыс прокуратурасы бағдарлама шеңберінде заңнаманың сақталуына талдау жүргізді. Нәтижесінде жалған дипломдардың көмегімен жеңілдіктер алған және шартты міндеттемелерді бұзған адамдар анықталды.

Мысалы, 2021 жылы «К» жалған диплом бойынша Атбасар ауданының оқу орнында биология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасқан. 2022 жылы мүліктік игіліктер алу мақсатында сол жалған дипломды пайдаланып, бағдарламаға қатысқан (4,9 млн теңге алды).

«Айта кету керек, «К» 2 жыл бойы осы салада құзыретті болмасада балаларды оқытқан. Осындай схеманы білім беру саласындағы тағы 12 «маман»пайдаланған. Залалдын жалпы соммасы 30 млн теңгеден асты. Жалпы айтқанда, мұндай «маманды» жалған дипломмен жұмысқа орналастыру жас ұрпақтың білім деңгейіне теріс әсер етеді және бюджет қаражатын ұрлауға жағдай жасайды. Қазір қылмыстық қудалау органдары тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр», — делінген Ақмола облысы прокуратурасының хабарламасында.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?