jasqazaq.kz

Жалған ақпарат тарату — қылмыс. ІІМ референдум қарсаңында үндеу жасады

13 наурыз, 14:23

ІІМ 15 наурызда өтетін референдум қарсаңында  үндеу жасады, деп хабарлайды jasqazaq.kz. 

Департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мұндай маңызды кезеңде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпараттар мен әдейі таратылатын арандату хабарламалары жиі кездесетінін еске салды.  Олардың мақсаты —  қоғамды адастыру және жағдайды тұрақсыздандыру.
Шыңғыс Әлекешов: «Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуына байланысты жалған контент жасау бұрынғыдан әлдеқайда жеңілдеді. Қысқа уақытта шындыққа ұқсас, бірақ адамдарды жаңылыстыратын жалған материалдар таралуы мүмкін.
Еске саламыз: көрінеу жалған ақпарат тарату – заң бұзушылық. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылған.
Азаматтарды заң талаптарын сақтауға және тексерілмеген ақпаратты таратпауға, ақпараттық мәдениетті сақтауға шақырамыз.
Күмәнді хабарламаларды көрсеңіздер – оны әрі қарай жібермеңіздер. Жалған ақпарат көбіне дәл осылай таралады.
Ішкі істер министрлігі референдум кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қамтамасыз етеді. Жалған ақпарат тарату және арандатушылық әрекеттер жедел анықталып, ден қойылып, заң аясында қатаң қаралады», — деді.

Сондықтан тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер», – деді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
Бүгін, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
Бүгін, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді