Жайлы мектеп, сапалы білім, саналы ұрпақ

01 желтоқсан 2023, 14:16


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда. Жоба аясында 2024-2025 жылдары 24 жайлы мектеп салынбақшы. Олар 90 мыңға жуық оқушы орнын (2 ауысымда) ашуға мүмкіндік береді. Қала әкімдігі бүгінгі таңда 2024-2026 жылдары мектеп салу үшін 20 жер телімін бекітті.


Ал, 2027 жылға дейін барлығы 217 мыңға жуық оқушы орнына (2 ауысымда) арналған 88 мектеп салу жоспарлануда. Бұл шаралар мектептерге шамадан тыс түсетін жүктеменің қазіргі қиындығын ғана емес, болашақта орын тапшылығы мәселесін толықтай шешеді. Оқу орындары қаланың барлық ауданын, оның ішінде елді мекендерді де қамтиды.


Ағымдағы жылы осы мәселені шешу үшін биыл 14 жаңа мектеп құрылысын аяқтаймыз (мемлекеттік – 10, жекеменшік – 4). 6 мектептің құрылысы жаңа оқу жылында пайдалануға берілді, ал қалған сегіз мектептің құрылысы жалғасуда (жыл соңына дейін беру жоспарлануда),-дейді қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Нариман Еламанов.


Мектептердің санымен қатар, ондағы білім сапасын көтеру, мұғалімдердің біліктілік деңгейін арттыру мақсатында да нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Жыл сайын өтетін «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздарын марапаттау дәстүрге айналды.
Биыл да байқауға жоғары жетістіктерге жеткен, сондай-ақ зияткерлік даму деңгейі, рухани-адамгершілік мәдениеті жоғары, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, 68 педагог қатысып, өз бақтарын сынады. Оның ішінде орта білім беру мекемесінен– 32; мектепке дейінгі білім беру саласынан – 14; қосымша білім беру мекемесінен – 1; техникалық және кәсіптік білім беру саласынан – 12; жекеменшік білім беру ұйымынан -9 адам. Биылғы 2023 жылғы байқаудың жүлде қоры 10 350 000 теңгені құрады.


Байқау қорытындысы бойынша 80–100 балл жинаған 10 қатысушы үздік шығып, «Үздік педагог – 2023» республикалық байқауына жолдама алды.
Астанада мектепке дейінгі білім беру ісіне де ерекше көңіл бөлінуде. Алдағы уақытта қаланың 5 ауданында 60 мемлекеттік балабақша ашылады. Қазіргі уақытта 10 жер телімі белгіленіп, жобалау жұмыстарына дайындық жұмыстары қарастырылып жатыр.
«Қазіргі уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында инвесторларды тарту арқылы балабақша мәселесі шешу көзделуде. 2023-2027 жылдары мектепке дейінгі білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орналастырылатын 4400 орындық 18 жекеменшік балабақшаны пайдалануға беру жоспарымызда бар»,- деді бізге қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев.

Әубәкір Смайылов

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу