jasqazaq.kz

Жайдарманға келіңіз

18 тамыз 2017, 17:18

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырмасы негізінде Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы мен «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігі бірлесіп, Тіл фестивалі аясында халықаралық «Жайдарман» ойынын өткізеді.

«Жайдарман» ойындары жастардың шығармашылық алаңы ғана емес, қоғамдағы түйткіл мәселелерді әзілмен астарлай жеткізетін өнер додасына айналған және қазақстандықтар сүйіп көретін телевизиялық жоба ретінде қалыптасты. «Жайдарман» алаңының мектеп жасындағы жеткіншектермен қатар студенттерді, жұмысшы жастарды қоса алғанда 200 мыңға жуық таланттыларды топтастырғаны көңіл қуантады.

Бүгінде Президентіміздің рухани жаңғыру жөніндегі тағдыршешті үндеуін жастармен ұштастыру мақсаты пайда болды. Осы үндеудегі – ұлттық сана, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы туралы бөлімдер – ең алдымен, қазақ жастарына бағытталған ұстаздық ақыл мен талап деп түсінеміз. Сонымен қатар жобаның EXPO-2017 күндері кезінде өткізілуі оң резонанс тудыратындығына сенімдіміз.

Жобаға Қазақстан, Ресей (құмық, ноғай, балқар, қарашай, татар, башқұрт, хакас), Моңғолия, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан (өзбек, қарақалпақ), Әзірбайжан елдерінен 10-нан астам команда қатысады деп күтілуде.

Өтетін орны: Астана қаласы «Астана» концерт залы

Басталуы: 2017 жылғы 25 тамыз сағ.: 18:30-де

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда