Жахан Отарғалиев махаббатына «нүкте» қойғанын айтып, жүрек елжірететін видео жариялады

08 қантар, 12:02


Актер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желіде отбасылық мәселеге байланысты жан сырымен бөлісті.
Өзі жүктеген видеода ол Түркияның Стамбұл қаласында тұрғанын, махаббаты осы жерде басталғандықтан оған тура сол жерде «нүкте» қойғалы тұрғанын айтады.
«Достар, сендердің өмірлеріңде ажырасу болмасыншы. Қашыңдар! Оған мүлдем жақындамаңдар! Егер менде мүмкіндік болса, дәл қазір таңдау келсе, 2009 жылға қайта барып, мүлдем ажыраспаудың амалын жасар едім. Бұл өмір осылай уақыт өте бәрін түсінесін. Қазір Стамбұл қаласында жүрмін. Бұл қалада мен шын ғашық болғанмын. Бұрын дәл осы жерге келгенде жүрегім ерекше соғатын. Ностальгия жақсы ойлар келетін. Кеше осы жерге барған кезде жүрек бұрынғыдай болмады. Сәл шок болып қалдым. Содан қоштасамын деп шештім. Себебі осы жерде басталған махаббат осы жерде қалуы керек екен. Не үшін осы күнге дейін ол туралы бірде-бір әңгіме айтпадым. Жамандамадым. Эмоцияға берілмедім. Себебі мен шын күйдім. Қош бол, Касконтай! Жаным!», — дейді актер.
«Осымен бәрі бітті. Өзіне айта алмаған сөзім еді, сол махаббат пен сезім басталған жерден бітуі керек деп шештім. Достар, енді мүлдем маған ол туралы әңгіме айтпаңдаршы. Әрі қарай өмір жалғасады. Жаңа өмір бастау керек. Алладан үмітімді үзбеймін. Алла маған қайырлы, мені сыйлайтын, мені жақсы көретін адамды кездестіреді», – дейді Отарғалиев.
Айта кетейік, Актер Жахан Отарғалиев пен әнші Балжан Бидаш 2020 жылдың аяғына қарай шаңырақ көтерген болатын. Ал былтыр олар айырылысқанын мәлімдеді.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу